Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Оңалту рəсімдері жəне конкурстық өндіріс



бет94/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

13.2. Оңалту рəсімдері жəне конкурстық өндіріс


13.1. Банкроттықтың пайда болуының қаржылық себептері

Еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-та банкроттық рəсімдері XVIII ғасырдыңаяғындаəзірленді.Ресейдебанкроттықтуралыжарғытұңғыш рет 1800 жылы енгізілді. Бұл заңнамалық акт екі ғасырдан астам уақыт бойы аз ғана өзгерістермен əрекет етіп келді. Қазан төңкерісінен кейін, жеке меншіктің жойылуымен байланысты оған деген қажеттілік жоғалды.Кеңестіккезеңніңэкономикасы3салағанегізделді:мемлекеттік жоспар, мемлекеттік бюджет жəне мемлекеттік баға белгілеу. Залал-ды кəсіпорынды мемлекет қаражаттандырды. Қазақстанда алғаш рет «Банкроттық туралы» заңнама 1992 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» соңғы Заңы 1997 жылы қаңтарда қабылданды. Бұл заң қазыналық кəсіпорындар мен, банктер-ден, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларынан, үздіксіз өндірістік циклді жүргізуші шаруашылық кəсіпорындарынан басқа меншіктің барлық нысанындағы заңды тұлғалардың банкроттығы ту-ралы істерге қатысты қолданылады.


Борышқордың дəрменсіздігі туралы сот шешімін мойын-дау кəсіпорынды тарату үшін негіз болып табылады. Ақшалай міндеттемелер, сонымен қатар кəсіпорын мүлкінің есебінен еңбекақы, бюджеттік жəне бюджеттік емес қорларға төлем төлеуді қоса кредитордың талаптарын қанағаттандыру борышқордың дəрменсіздігі жəне қабілетсіздігі болып табылады. Банкроттық, сондай-ақ ерікті түрде, борышқордың сотқа жазған арызы бойынша немесе соттан тыс тəртіпте кредитормен келісімге келу негізінде борышқорды ресми түрде банкрот деп жариялау арқылы анықталады. Осыған байланысты қасақана жəне жалған банкроттық деген ұғым пайда болады:





  • жалған банкроттық – кредиторға тиесілі борыштың мерзімін ұзарту жəне жұртшылықты шатастыру үшін борышқордың банкрот деп танылғандығы туралы оны сотта əдейі жалған жариялау;




  • қасақана банкроттық – бұл борышқордың төлем қабілетсіздігіне əкелетін, борышқор немесе меншік иесінің жеке мүдделеріне немесе басқа тұлғалардың мүдделеріне қатысты жасаған əдейі жасаған іс-əрекеті.

Егер кредитордың борышқорға қоятын талабы 150 АЕК-тен аз емес соманы құрайтын болса, онда сот банкроттық туралы арызды



191


қарастыруды бастауға құқылы. Банкроттық туралы заңның шеңберінде келесі рəсімдер жүзеге асырылады:

– соттан тыс тəртіпте кредитордың бақылауымен дəрменсіз борышқорды ерікті түрде тарату;


– сот қабылдаған шешімнің негізінде дəрменсіз борышқорды ерікті түрде тарату;


– соттың шешімімен дəрменсіз борышқорды мəжбүрлеп тарату;


– конкурстық өндіріс – бұл кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру жəне борышқорды борыштан босату үшін жүзеге асы-рылатын соттың тарату рəсімдері;

– оңалту рəсімдері аясында борышқордың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге арналған кез келген мүмкін заңдық шаралардың қабылдануы.


Осылайша, не борышқордың, не кредитордың, сондай-ақ уəкілетті жəне құзіретті органдардың ынтагерлігімен өзгеретін, ерікті түрде та-рату рəсімдерінен басқа барлық рəсімдер сот рəсімдері болып табыла-ды.


Қазақстан Республикасындағы уəкілетті органы – кəсіпорындарды тарату жəне қайта құру жөніндегі агенттік.


Уəкілетті орган республикадағы дəрменсіз жəне төлеуге қабілетсіз кəсіпорындардың тізілімін, шаруашылық қызметінің мониторингін жүргізіп, қаржы жəне шаруашылық жағдайына талдау жасайды жəне кəсіпорынның төлеу қабілетін қалпына келтіру перспективаларын бағалайды.


Банкроттық туралы өндірістік іс борышқор, кредиторлар мен құзіретті органдардың (прокурордың) ісі бойынша түскен арыз негізінде сотта қозғалады. Сот борышқордың банкрот деп танылуы ту-ралы арызды бес күннің ішінде қабылдай отырып, іс қозғау туралы (іс қозғалған кезден бастап) анықтама шығарады:


– борышқор мүлкін меншіктенушілер, құрылтайшылар мүлікті ие-лену құқығынан айырылады;


– сот ертеректе қабылданған шешімдердің орындалуы тоқта-тылады;


– кредитордың борышқорға кез келген талабы банкроттық рəсімдер шегінде ғана қойылады;


– кредитордың талабы бойынша борышқордың банктік есепшоты-нан ақшаны өндіріп алуға жол берілмейді;


– борышқордың лауазымды адамдарына өз акцияларынан шеттету-ге, борышқор мүлкінің үлесін иеліктен айыруға тыйым салынады.


Сотжетікүнніңішіндересмибасылымдарғабанкроттықісбойынша өндірістік іс қозғалғандығы туралы мемлекеттік жəне орыс тілдерінде хабарландыру беруі тиіс. Борышқор кредиторлардың арызына жауап қайтарады (10 күнге дейін). Онда төмендегілер көрсетіледі:


– біріншіден, кредиторлар талабына қарсылық білдіру;



192


– екіншіден, кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша берешектің жалпы сомасы.


Борышқордың жауап қайтармауы немесе көрсетілген мерзімде жауапты ұсынбауы борышқордың өзінің дəрменсіздігін мойында-уы ретінде қарастырылады жəне соттың борышқордың банкрот деп танылуы туралы шешім шығаруына негіз болады. Істің алдын ала дайындығы аяқталғаннан кейін, бірақ іс қозғалған кезден бастап, бір айдан кешікпей банкроттық туралы іс соттың қарауына жіберіледі жəне сотқа арыз келіп түскен күннен бастап 2 ай ішінде қарастырылуы тиіс. Сот келесі сот актілерінің бірін қабылдай алады:


● борышқордың банкрот деп танылуы туралы шешімді жəне конкурстық өндірісті қозғауды;


● борышқордың банкрот деп танылуынан бас тарту туралы шешімді;


● өтініш болған жағдайда оңалту рəсімдерінің қолданылуын анықтайды;


● іс бойынша өндірістің тоқтатылуын анықтайды.


Банкрот деп танылу жəне конкурстық өндіріс қозғау туралы сот шешімі мына жағдайларда:

● іс қозғалған кезден бастап 30 күн ішінде өзінің дəрменсіздігін дəлелдеуге борышқордың қабілетсіздігінде;





    • 30 күннің ішінде (іс қозғалған кезден бастап) борышқор берген жауабында өзінің дəрменсіздігін мойындаса;

● борышқорға қатысты оңалту рəсімдерін жүзеге асырудың мүмкін емес болғанда.


Егер борышқордың кредиторлар қойған талаптарға білдірген қарсылығы қабылданып, негізделген жағдайда ол борышқордың бан-крот деп танылуынан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.


Жалған банкроттық нышандары анықталған жағдайда сот шығындарын өндіріп ала отырып, сот борышқордың банкрот деп та-нылуынан бас тарту туралы шешім шығарады. Сот келесі жағдайларда банкроттық туралы іс бойынша өндіріс жүргізуді тоқтатады:


● оңалту рəсімдерін жүргізу мақсаттарына қол жеткізілгенде;


● борышқордың банкрот деп танылуы туралы арызға жауап қай-тарылғанда;

● оңалту рəсімдерінде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет