Жылжымалық коэффициенті (активтердегі айналым қаражаты
үлесінің коэффициенті) ұйымның айналым қаражатының оның барлық активтерінің жалпы сомасына қатынасымен анықталады.
Айналым активтеріндегі қорлар үлесінің коэффициенті ұйымның қорлары мен шығындарының айналым активтерінің құнына қатынасымен анықталады. Қорлардың үлес салмағының артуы: ұйымның өндірістік əлеуетін ұлғайту; өндірістік қорларға салым есебінен ұйымның ақшалай активтерін инфляцияның əсерінен болатын құнсызданудан сақтауға деген ұмтылыс; таңдап алынған шаруашылық стратегиясының тиімсіздігі туралы айғақтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |