Ұзақ мерзімді қарыз қаражат тарту коэффициенті. Бұл көрсеткіш меншікті қаражаттармен бірге активтерді қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздар тартудың үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің серпінді өсуі – ұйымның уақыт өткен сайын сыртқы инвесторларға тəуелді болып бара жатқанын білдіретін жағымсыз үрдіс.
ҰМК = ҰМ : ВБ.
Актив балансындағы дебиторлық берешектің үлесіактив балансындағы дебиторлық берешектің үлес салмағын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің өсуі ұйымның шаруашылық қызметінің тиімділігіне жекелеген көрсеткіштер деңгейінде де, жалпы деңгейде де кері əсер етеді.