Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет279/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Сауда балансы
– белгілі бір уақытта (ай, тоқсан, жыл) 
құндық сипаттағы енгізілетін жəне сыртқа шығатын тауарлар 
арасындағы арақатынасты көрсететін қандай бір елдің немесе 
24–533


370
əлемдік нарықтағы елдер тобының экономикалық жағдайынан 
хабардар ететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бір 
түрі. Сəйкесінше, бұл баланс тек сауда ағындарының баптарымен 
ғана жүріп отырады.
Ағымдық операциялар балансы
– сауда балансының саль-
досынан тұратын, қызметтердің экспорты мен импорты тура-
лы мəліметтерді жəне біржақты трансферттерді (зейнетақылар, 
сыйлықтар, ақша аударымдары, шетелге қайтарымсыз көмек) 
қамтитын, сонымен қатар, инвестициялық табыстар балансы 
сальдосын да өзіне қосатын төлем балансының бір бөлігі. Егер 
ағымдық операциялар балансы оң болса (активті сальдо), онда 
сол ел шет елдерге қарағанда нетто-инвестор болып табыла-
ды, яғни əлемдік нарықта 
кредитор
болып табылады. Ал егер 
ағымдық операциялар балансы теріс болса (пассивті сальдо), 
онда сол ел шет елдерге қарағанда 
қарыздар
болып табылады. 
Олай болса, бұл баланс жиынтық ұлттық табыстар мен жиынтық 
ұлттық шығындар арасындағы айырманы сипаттайды.
Капитал қозғалысы балансы 
– бұл тікелей жəне порт фель-
дік инвестициялардан құралатын, ұзақ мерзімдік мемлекеттік 
жəне жеке банктік займдарды қамтитын, бұрын алған (берген) 
қарыздардың бір бөлігін төлеу (алу) операцияларын қарастыратын, 
сонымен қатар, қысқа мерзімді капиталды, мемлекеттік бағалы 
қағаздар мен міндеттемелерді, банктік депозиттерді, банкаралық 
қарыздарды, қысқа мерзімді несиелерді өзіне қосатын төлем 
балансының екінші бір бөлігі.
Қорытынды баланс
сауда балансын, ағымдық операция-
лар балансын жəне капитал қозғалысы балансын өзіне қосатын 
жиынтық баланс. Қорытынды балансқа мыналар кірмейді: рес-
ми резервтердің өзгеруі, мемлекеттің алтын қоры, ХВҚ-ғы елдің 
резервтік позициясы, валюталық активтер, қарыз бойынша ар-
найы құқықтар (СДР – специальные права заимствования).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет