49
б) экономикадағы капитал құны
в) банк шотындағы салымдардың мөлшері
17. Мыналардың қайсысы мемлекеттік сатып алымдарға жат-
пайды?
а) зейнетақылар
ə) мемлекеттік
автомобиль жолдарын салу
б) милицияға шағымдану
в) «а» жəне «б» жауаптары
18. Ұлттық есепшот жүйесіндегі «жинақтау» термині:
а) жанұяның барлық активтерінің сомасы
ə) белгілі бір мезетте алынатын,
бірақ тұтынылмайтын табыс
б) жанұяның барлық активтерінен міндеттілік сомасының айырма-
шылығы
в) белгілі бір мезетте алынатын табыс
19. Егер ұлттық табыстан корпорация пайдасына салынатын
салықты, бөлінбеген пайданы, əлеуметтік сақтандыру нормасын
айырып, сосын трансферттік төлемдерді қосса, не шығады?
а) жеке табыс
ə) амортизация
б) қолда бар табыс
в) ТҰӨ
20. Ұлттық табыс көрсеткіші таза ұлттық өнім мен:
а) трансферттік
төлемдердің айырмасына тең
ə) корпорация пайдасына салынатын салықтардың айырмасына тең
б) жанама салықтардың айырмасына тең
в) амортизацияның айырмасына тең.
21. Мыналардың қайсысы жеке табысқа жатпайды?
а) мемлекеттік трансферттер
ə) пайыздық табыс
б)
жеке салықтар
в) жанама салықтар
22. Атаулы ЖҰӨ - бұл:
а) ағымдық бағалармен
есептелетін жалпы өнім
ə) бір жылдың ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы
б) белгіленген бағалармен есептелетін жалпы өнім
в) өткен жылғы бағалармен есептелетін жалпы өнім
4–533
50
23. Жалпы ұлтық өнім – бұл:
а) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемі
ə) бір
жылда елдің ішінде ғана емес, шетелде де ұлттық тауар өн-
дірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны
б) бір жылда елдің ішінде ғана емес, шетел тауар өндірушілері
өндірген тауарлар мен қызметтердің құны
в) бір жылда шет елде ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы
тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны
Достарыңызбен бөлісу: