Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет104/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

нақты пайыздық қойылым
– бұл инфляция деңгейіне 
байланысты пайыз түрінде алынатын табыстың сатып алушылық 
қабілеті.
Атаулы жəне нақты пайыздың арасындағы байланыс 
Фишер 
теңдеуі
арқылы шешіледі:
i = r + π,
10–533


146
мұнда, i – атаулы пайыздық қойылым; r – нақты пайыздық 
қойылым; π – инфляция қарқыны.
Бұл теңдеу атаулы пайыздың мына екі себепке:
а) нақты пайыздың өзгеруіне;
ə) инфляция қарқынына байланысты өзгеріп отыратынды- 
ғын көрсетеді.
Инфляцияның қалыпты (баяу) деңгейінде нақты пайыздық 
қойылым мынаған тең болады (нақты пайыздың жуықтық фор-
муласы):
r ≈ i - π.
Ал инфляция қарқынының аса жоғары деңгейі үшін нақты 
пайыздық қойылымның аса дəлдік формуласы қолданылады:
r = i – π / 1 + π.
Алайда ақшаның пайыз түріндегі балама табысының көлемі 
инфляция қарқынын есепке ала отырып, тұрақты шама болып 
қалуы тиіс. Бұл құбылысты Фишер əсері түсіндіре алады. 
Фишер əсері
– бұл нақты пайыздық қойылымның тұрақты 
болуы үшін, атаулы пайыздың инфляция қарқынына байланысты 
өзгеріп отыруы, яғни нақты пайыз көлемінің сатып алушылық 
қабілетін тұрақты ұстау үшін инфляция деңгейі қаншаға өзгерсе, 
атаулы пайызды да сонша шамаға өзгертіп отыру қажет.
Ақшаның бағасы ақша нарығында ақшаға сұраныс пен ақша 
ұсынысының нəтижесінде қалыптасады.
Ақшаға деген сұраныс

d
) – бұл тұрғындар мен фир-
малардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір төлем операция-
ларын жүргізу үшін нақты қаражаттар көлемін өз қолдарында 
ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша қара-
жаттарына деген жалпы қажеттіліктері. Бұл сұранысты сол ақша-
ның көмегімен əрдайым сатып алуға болатын тауарға сұраныс 
деп түсінуіміз қажет.
Ақшаға сұраныстың əртүрлі теориялық модельдері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет