Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі



Pdf көрінісі
бет89/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   187
5.3 Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі 
тенденциялары
Мектепке дейін білім беру мекемелері қазір өзіндік білім беру 
траекториясын таңдау, негіздеу және дамыту жолын жүзеге асыруда. 
Осыған орай мектепке дейінгі мекемелерді дамыту бағдарламалары, 
мамандардың өздерінің парциалдық бағдарламалары, бала-
лар бақшаларының балалармен және ата-анамен жұмыста жаңа 
бағыттардың пайда болды, мектепке дейінгі мекемеде тәжірибе-
эксперименттік жұмыстар жүргізу және т.б. болды. Мектепке дейінгі 
мекемеде өз бет-бейнесін көрсететіндей мағыналы бағдар мен нақтылы 
білім беру түрлерін іздестіру тенденциясы байқалды, мектеп жасына 
дейінгі балалар үшін бейімдеу, тәрбиелеу, оқыту, дамыту, жөнге салу 
және басқа да міндеттерді орындайтын жеке білім беру мекемелері
қысқа мерзімді жұмыс істейтін топтар ашылды.
Бірақ Н. Н. Кудрявцев атап көрсеткеніндей, мектепке дейін білім 
берудің мазмұны мен түрлерін өзгертуге жағымды тенденциялардың 
бірқатар проблемасы болды:
 
мектепке дейінгі мекеменің білім беру мазмұнын, түрлерін 
және әдістерін жаңартуда өз бетімен ізденісі көбінесе бағдарламаларды 
ретсіз қалай болса солай іздеуге әкеп соқты немесе өз бағдарламаларын 
жасауға тырысты. Бұл жағдайда педагогтар олардың сапасын анықтауға 
қабілетсіз;
 
білім беру мазмұнын өзгерту меңгерілуге тиіс білімнің 
көлемінің ұлғаюына, негізсіз стандарттың талаптарын кеңейтуге неме-
се тарылтуға (астрология, мектепке дейінгі мекемеде йога) алып келді;
 
ойлау жүктемесінің көбеюі және қозғалыс белсенділігінің 
төмендеуі;
 
мектептің мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға талабының 
күшеюіне байланысты интеллектуалдық дамытудың көркем өнер, дене, 
адамгершілік, эстетикалық жақтарына қарағанда приоритет алуы;


85
 
білім мазмұнын меңгеру тәсілдерін таңдағанда үлгілерді, дайын 
рецептерді шамадан тыс пайдалану;
 
мектепке дейін білім беру мазмұнының маңызды элементтерінің 
бірі ретінде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға жеткіліксіз на-
зар аударылуы.
Мұндай проблемаларды көптеп табуға болады. Олардың бо-
луы мектепке дейінгі мекеме мамандарының уақыт талабына сай 
болуға, басқалармен бәсекеге түсуге, кәсіби шығармашылық қабілетін 
көрсетуге ұмтылысы мен мектепке дейін білім беру мазмұнын ойлан-
бай іріктеу салдарынан білім беру сапасының төмендеуінің арасын-
да қайшылық тудырады. Бұл қайшылықтарды ғылым мен практикада 
шешуге талпыныс мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қозғаушы 
күші болады.
Мектепке дейін білім беру мазмұнын жаңартумен, ең алдымен
оның сапасын көтеру байланысты. Соның өзінде, Л. А. Парамонованың 
пікірінше, бұл жаңа әдістерді пайдалану және дәстүрлілерін қайта 
құру. Білім мазмұнын анықтау балалардың толыққанды дамуы үшін 
қажетті және жеткілікті стандартты жасаумен байланысты. Маңыздысы 
балалардың білімін ары қарай дамыту үшін олардың тең бастауын
қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет