Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Дамытушы ортаға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет163/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   187
Дамытушы ортаға қойылатын талаптар
Ортаның дамытушы сипаты. Ол объективті, өзінің мазмұны мен 
қасиеттері арқылы, баланың шығармашылдық іс-әрекетіне жағдай жа-
сауы керек, физикалық және психикалық даму мақсаттарына қызмет 
етуі, ақпаратты және мектеп жасына дейінгі баланың жуық арадағы 
даму зонасына бағытталған болуы керек. Ортаның дамытушы функ-
циясы баланың қарапайым іс-әрекет түрінен неғұрлым күрделі түріне 
көшуіне ықпал ететін дәстүрлі және жаңа, өзгеше компоненттердің 
есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.


201
Ортаның бала іс-әрекетінің когнитивтік (танымдық) құрылымына 
сәйкес болуы, яғни ортада балаға белгілі және зерттеуге жататын 
проблемалық компоненттер болуы керек.
Ортаның нұсқалылығы. Мектепке дейінгі мекеменің типіне, 
мақсаттары мен білім мазмұнына, мәдени дәстүрлеріне қарай орта 
қайталанбас түрге енеді. Бұл материалдардың көптігімен, көркемдік-
бейнелік шешіммен, оның компоненттерінің ауқымдылығымен 
қамтамасыз етіледі.
Орта функционалдық сенімділік және қауіпсіздік деңгейінде жайлы 
болуы керек. Орта компоненттері – мөлшерлес масштабты және балалр 
мен үлкен адамдардың іс-әрекетінің макро- және микрокеңістігімен 
өлшемдес болуы тиіс.
Бала іс-әрекетінің объектілері мен құралдары, олардың эстетикалық 
және гигиеналық көрсеткіштері ғылыми негізделген сипатта болуы 
қажет.
Іс-әрекеттің көшпелі және тұрақты құралдары мен объектілерінің 
болуы әрбір балаға іс-әрекетті, оны орындаудың қарқынын, мерзімін 
және шарттарын өз бетімен таңдауға мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі мекемені архитектуралық-жоспарлау шешімі 
әртүрлі жастағы және әрекетті меңгеруде әртүрлі деңгейдегі
балалардың біріккен іс-әрекеті үшін жағдай туғызуды, жергілікті 
этнопсихологиялық, мәдени-тарихи және табиғи-климаттық жағдайды 
ескеруді қарастырады.
Білім беру мекемесінде заттық орта жүйесі отбасы, тұрғын 
мөлтекаудан жағдайларымен сәйкес болуы тиіс.
Заттық ортаның барлық компоненттері мазмұны, масштабы
көркемдік шешімі жағынан бір-бірімен байланысты болуы керек.
Заттық орта бала іс-әрекетінің объектісі мен құралы ғана емес, 
педагогикалық процесс мәдениетін жеткізуші болып табылады, 
педагогқа шығармашылық үшін мүмкіндік жасайды, тұлғалық-кәсіптік 
өзін-өзі сыйлауды қолдауға қызмет етеді. Қазіргі кезде қажетті дамыту-
шы заттық ортаның жеткіліксіздігінен іс-әрекетті депривация жасауға 
жол берілмеуі керек. Заттық вакуум жағдайында баланың жаңаны 
білуге ынтасы жойылады, аптия туындайды.
Баланың шығармашылық дамуының үлкен резерві мектепке дейінгі 
балалық шаққа балалардың ойындары мен басқа да іс-әрекет арқылы 
енетін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеменің дамытушы ортасын жобалау 
мемлекеттік, қалалық деңгейлерде жасалуы керек.


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет