Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Тақырыбы: Үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы. Рефлексия: өзін-өзі тексерудің және математиканы оқытудың нәтижелерін өзін-өзі бағалауының әдістері, тәсілдері. Қазіргі заман сабағына және математика сабағын талдауға қойылатын талаптар..
Орындаған: Анарбай Ф.С. Қозыбағар Т.Р. Шахан Г.Б. Қабалдаған: Алиева К.С.
Тобы:102-18
Мақсаты: Студенттерге математикадан оқытуда үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы, Pефлексия: өзін-өзі тексерудің және математиканы оқытудың нәтижелерін өзін-өзі бағалауының әдістері, тәсілдері мен қазіргі заман сабағына және математика сабағын талдауға қойылатын талаптармен таныстыру. Сабақтың теориялық мазмұны: Математикадан үйге берілетін өзіндік жұмыс оқушылардың өз бетімен білімді игеріп алуына көмектеседі. Мұғалім мен ата-анаға оқушының жетістіктерін біліп отыруына мүмкіндік береді, үйде балалардың бос уақытын ұйымдастыруына көмектеседі, оларда бағалы қасиеттерді: еңбек сүйгіштік, жинақтылық, тәртіптілік, мұқияттылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Үй тапсырмаларының мақсаттары түрліше болуы мүмкін: білімдері мен практикалық біліктерін (мысалдар есептер шығара білуін) бекіту, алған білімдері мен біліктерін (оқып үйренілген есептеу әдісіне мысалдар құрастыру) жүйеге келтіру және қорытындылау; оқушыларды келесі сабақта өткізілетін жұмысқа (өмір құбылыстарын бақылау, сан материалдар жинау, көрнекі құралдар жасау т. с. с.) дайындау. Үй тапсырмалары жекелік (көбінесе) және топтық бола алады. Оқушылардың бірнеше топқа бөлініп жалпы сынып тапсырмасының бөлігі болып табылатын, қандай да бір тапсырманы орындайтын түрі.Мысалы, сан материалды жинау кезінде бір топ оқушы оқу құрал-жабдықтарының бағаларын біледі, екінші тобы - азык-түліктің бағасын, үшіншісі - ойыншықтардың бағаларын біледі. т. с. с. Топ-топқа бөліп үйге берілген тапсырмалар оқушыларды коллективизм (бірлестік) рухында тәрбиелеуге, балалардың тапсырылған іске жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
Үйге берілетін оқу тапсырмаларын басқаруды мұғалім оқушыларға нұсқау беру арқылыжәне орындалған жұмысты тексеру арқылы жүзеге асырады. Оқушыға үй тапсырмасының мақсаты айқын болуы манызды, сонда ол қызғылықты болмаса да көптеген қажетті жұмыстарды ынтамен істей алады. Оқушы үйге не тапсырылғанын қалай орындайтынын білуі қажет. Сондықтан үйге тапсырма бергенде істеу керектігін міндетті түрде айтып, оны қалай істеу керектігін екжей-текжейлі нұскау беруден неғұрлым қысқаша нұсқауға көше отырып, түсіндіру керек. Үй тапсырмаларының көлемі өте үлкен болмауы тиіс. Үйде өздігінен жұмыс істеуі оқушылардың математика курсын игеруіндегі маңызды да қажетті. Үй тапсырмасының тиімділігін арттыру мақсатында оқулықтағы тиісті мәтінді оқыту мен есебін шығарумен шектелмей, түрлендіру мен байланысты іс-әрекетті жүзеге асыру керек.
Үй тапсырмаларының тиімділігінің басты шарты – барлық оқушының тапсырманы ұқыпты да сөзсіз орындауы. Бұл тапсырманы орындаудағы дербестіктің деңгейін үйде берілген есептерді сыныпта шығару, үйге тапсырылған материал бойынша математикалық диктант, конспект жаздыру, т.б. жолдармен анықталады. Оқушыларға шамадан тыс тапсырма беріп қиындық туғысбас үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық әрі анық тұжырымдап, кездесетін қиындықтарды атап айтып, оларды орындау жолдарын көрсетіп отырған пайдалы. Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға (сыныптың даярлығы, жеке ерекшеліктері) байланысты оқу жоспарымен анықталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі , көп уақыт алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершіліктерін арттырып , өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеруді түрліше жолдармен жүзеге асыруға болады. Жазбаша жұмыстарды мұғалім үйде де, сабақ кезінде класта да тексереді. Үй тапсырмасының жазбашасын да, ауызшасын да сабақтың кез келген кезеніңде тексеруге болады. Тексеруді жаңа материалды оқып үйренуге дайындау үшін пайдалануға болады. Басым көпшілігінде үй тапсырмасын тексеру оқып үйренілген материалды қаншалықты ұғынғандарын тексеру және бағалау болып табылады (оқушылардың ауызша жауап беруімен не өзіндік жұмысымен бірігіп кетеді). Балаларга үйге берілетін оқу ісіне байланысты жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, мұғалім оқушының семьясы мен тығыз байланыста болуы қажет. Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда тиісті көмек көрсету керектігін ата-аналарға түсіндіргені жөн.
Рефлексия –оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. 2. Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері 1 – қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) – бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру; 2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау; 3 – жүйелі талдау – бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру; 4 – толық талдау – бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі; 5 – құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау; 6 – құрама (комбинированный) анализ – сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;
7 – психологиялық талдау – сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету); 8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.); 9 – аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру. Сабақ аспектілерінің мысалдары: Тапсырмалар: 1. Психологиялық талдау дегеніміз не? 2. Дидактикалық талдау дегеніміз не? 3. Аспектілі талдау дегеніміз не?
Пайдаланатын әдебиеттер: 1. Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б. 2. Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б 3. Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б. 4. Оспанов Т. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық.- 2-ші бас.- Астана: Фолиант, 2010.- 468 б.
Назарларыңызға Рақмет !
Достарыңызбен бөлісу: |