305
біршама тұрақты жергілікті жердегі заттар мен жер бедерінің
пішіні алынады (биіктік белгілері, қорғандар, мұнара текті
құрылыстар т.б.). Нысананы жəне баратын бағытты тез табу
үшін бағдар тереңінен жəне шетінен бір қалыпты тез таңдалады.
Таңдап алған бағдарлар санмен белгіленіп, есте жақсы сақталу
үшін əр қайсысына түсіне, сыртқы пішініне сəйкес шартты ат
қойылады. Мысалы: «
төбесі үшкір
» немесе «
текшелі төбе»,
«күңгірт орман», «сары жыра
» т.б.
Түнде көретін приборлармен бақылағанда да жергілікті
жердегі жəне оны қоршаған заттардың түсі ажыратылып, айқын
көрінбейді. Сонымен күндіз түрі-түсі айқын көрінетін заттар
түнде бағдарлауға жарамайды. Бағдарлық заттар ретінде алынған
аудандық нысандар түнде тек бұлдырлап көрінетін сыртқы пішіні
қара-қоңыр, ақ-қара түсімен ғана нашар ажыратылады.
Жасанды түрде жарық бергенде қозғалмалы көлеңке түзіліп,
жарық түсірілген аумақ туралы алдамшы түсінік қалыптастырады.
Сондықтан түнде жүргенде көл немесе өзен, жол, жыра сияқты
сызықтық бағдарларды
пайдаланған қолайлы. Қыста қалың қар
жамылғысы жергілікті жердің сыртқы көрінісін біршама өзгертеді,
қыста бағдар ретінде қардан айқын көрініп ерекшелінетін қара
түсті жергілікті заттарды таңдаған қолайлы. Қыста қалың жауған
қар жер бедерін бағдар ретінде қолдануын қиындататындықтан
көптеген сызықтық бағдарлар да қардың астында көрінбей
қалады.
Ауа райының тез бұзылуына байланысты қысты күні
бағдарлаудың жағдайы тез нашарлауы мүмкін. Сондықтан
бағдарлық заттармен қатар бағытты анықтау үшін тұсбағдарды
қолдану қажет. Жергілікті жердің əр-түрлі жағдайына байланысты
өзіне тəн ерекшіліктері болады. Таулы жерде бағдарлар шетінен
немесе тереңдігінен ғана емес биіктігімен таңдалады. Далалы
шөлді жерлерде бағдар ретінде инженерлік құрылыстар, жасан-
ды бағдарлар алынады. Егер өзің тұрған жердің белгілі бағдарға
қатысты орнын талап етсе, онда төбесі текшелі биіктіктің шығысы
орман алқабынан 400 м жерде тұрмын деп хабарлау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: