303
Румбты есептеу азимут пен дирекциондық бұрышты өлшеу
əдісіне
ұқсас болғанымен, 4.6-суретте көрсетілген транспортирді
орналастырудың төрт жағдайының біріне сйкес жүргізіледі.
Солтүстік-шығыс румбтың бағытын табу үшін транспор-
тир шкаласының нөлдік көрсеткішін меридианның солтүстік
бағытымен сəйкестендіріп орналастырамыз.
Шкаладан саналған
градус румбтың өлшемін көрсетеді [8.6-сурет (І)]. Оңтүстік-батыс
румбтың бағытын табу үшін транспортирдің нөлдік көрсеткішін
меридианның оңтүстік бағытымен сəйкестендіріп,
шкала
өлшемінен жоғарыда аталған бағыттың румбының көрсеткішін
анықтайды [8.6-сурет (ІІ)].
Оңтүстік-шығыс румбтың бағытын табу үшін
транспортирдің
нөлдік көрсеткішін берілген сызықтың бағытымен сəйкестендіріп
орналастырамыз. Оңтүстік бағыттағы
шкала өлшемі жоғарыда
аталған бағыттың румбының көрсеткіші болып табылады.
[8.6-сурет (ІІІ)].
Оңтүстік-батыс румбтың бағытын табу үшін транспортирдің
нөлдік көрсеткішін берілген сызықтың бағытымен сəйкестендіріп
орналастырамыз. Солтүстік бағыттағы шкала өлшемі жоғарыда
аталған бағыттың румбының көрсеткіші болып табылады.
[8.6-сурет (ІV)].
Достарыңызбен бөлісу: