Бұрыштардың бұрмалануы – жер элипсоидының белгілі бір
нүктелерінің көлденең бұрыштарының географиялық картаның бетіндегі
сол нүктенің көлденең бұрыштарымен сəйкес келмеуі арқылы анықталады.
Бұрыштың бұрмалануын бір ендіктің бойындағы екі түрлі бойлықта
орналасқан меридиандар мен параллельдердің қиылысындағы бұрыштарды
салыстыру арқылы анықтайды.
Верньер – теодолиттің алидадалық шеңберінің диаметрінің екі шетін-
дегі лимбаның градустарының минуттарын өлшейтін шкала. Верньер
лимбаға қарағанда көлденең жəне тік бұрыштардың азимуттарын жоғары
дəлдікпен есептеуге мүмкіндік береді. 60° теодолиттерде верьнер 5’ теңдей
12 бөлікке бөлінген доға тəрізді шкаладан тұрады.
Ватерпастау – биіктігі 1 метр болатын, түзулігін анықтауға мүмкіндік
беретін ауырлық салмақ ілінген тіктеуішті (мектеп нивелирін), сантимет-
рге бөлінген екі метрлік 2 түзу тақтай жəне ұзындық өлшегіш таспа не-
месе рулетка қолданылатын жергілікті жерде жүргізілетін геометриялық
нивелирлеудің қарапайым түрі. Жергілікті жерде жүргізілетін түсіру
жұмыстарының бұл түрі жыралар мен жылғаларды төбенің тік беткейлерін
нивелирлеуге өте қолайлы.