447 Жалпы бағдарлау – баратын соңғы нүктеге жету үшін өзің тұрған
орынды, қозғалатын бағыт пен уақытты шамамен анықтау, оны сақтау. Жал-
пы бағдарлау карта болмай тек баратын соңғы нүктеге дейінгі сызбанұсқа
ғана болғанда қолданылады.
Жарма тəсілі – қоршау, электр желілері сияқты жүріп өту жолда-
рына қатысты алғанда белгілі бір бұрыш түзе орналасқан түзу сызықты
телімдерді немесе желілі сызықтарды түсіру барысында қолданылатын
түсіру тəсілі. Жергілікті жердегі бір түзудің бойында орналасқан көзге
көрінетін екі нысан (нүкте) жарма деп аталады. Жүріп өту сызығының
(АВ) бойында орналасқан шекарасы түзу бұрышты болатын түсіруді қажет
ететін жарманы табуға болады.