446 Геоид – дүниежүзілік мұхиттың деңгейлік
бетімен шектелген екі
бүйіріне сығылыңқы болып келген дене. Жердің нақты пішіні тепе-
теңдік сақталған, толық тыныштық күйіндегі дүниежүзілік мұхиттың
деңгейімен ойша жүргізілетін
гойд тəрізді болады. Геоид түсінгін ХІХ
ғасырдың екінші жартысында алғаш рет неміс физигі И. Б. Листиг
ұсынды.
Гипсометриялық тəсіл – ірі жəне ұсақ масштабты карталарда жер
бедерін теңіз деңгейінен биіктіктері бірдей изогипс немесе горизон-
тальдардың
көмегімен кескіндеу.
Картаның масштабына сай гори-
зонтальдар белгілі бір биіктікте жүргізіліп, олардың аралықтары жер
бедерінің негізгі пішіндерін айқындайтын қабатты бояулармен боялады.
ГЛОНАСС – нысанның географиялық координаттын, теңіз
деңгейінен биіктігін, қозғалатын бағытты анықтауға, геодезиялық тірек
торларын құруға басқа да жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін
Ресейдің
Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйесі.