113
Көлбеу, көлденең цилиндрлі жəне азимутты проекциялар-
мен құрылған карталардың картографиялық торларының пішіні
басқаша болатынын есте сақтау қажет.
Картографиялық тордың пішіні бойынша бұрмаланудың сипа-
тын анықтауға да болады. Егер көршілес жатқан екі параллельді
меридиандардың қиып өтуінен түзілетін
торлардың аудандары
бірдей болмаса, онда картаның проекциясы тең ауданды емес.
Егер көршілес жатқан екі меридианды қиып өтетін параллель-
дерден түзілетін тордың ауданы экватордан алыстап, ендіктері
артқан сайын өзгермей сол қалпында қалса, картаның проекция-
сы тең ауданды болмайды. Егер көршілес жатқан екі параллель
мен оларды қиып өтетін меридиандардың
қандай да бір бөлігі
түзу бұрыш жасамай қиылысса, онда карта тең бұрышты проек-
циямен құрылмаған.
Аумақты қамтуына қарай карталарды құруға іс жүзінде дүние
жүзі нің, материктер мен жеке елдердің карталарын құру үшін
əр түрлі проекция қолданылады. Қамтылған аумағының ірілігі
əртү
р
лі карталарға біртекті проекцияны қолдануға мүмкіндік
бермейді.
Картаның проекциясын жеңіл анықтау үшін жекеленген са-
лыстыру белгілері енгізілген анықтағыш-кесте құрылады. Бірақ
оны пайдалану үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
1. Алдымен қамтуына қарай қандай аумақ кескінделгенін
дұрыс анықтап,оны сəйкес келетін кестеден табу.
2. Кестеде орталық (түзу) меридианның
ұзындығының өзгеруін
ескеретін белгілердің берілетінін, ал, тіпті, кейбір карталар да тор-
дың жиілігіне енбегендіктен орталық меридианның өзі кес кін -
дел мейтінін ескеру қажет. Бірақ сызылмағанымен түзу сы зық өте-
тін орынды табу қиын емес. Ол көбінесе бір-біріне қара ма-қар сы
дөңес болып келетін екі меридианның ортасында орна ла са ды.
3.
Көршілес жатқан параллельдердің арақашықтығының
орталық меридианнан алыстаған сайын
өзгеруін картаның шетін-
дегі сол параллельдерді қиып өтетін көршілес меридиан дардың
ара-қашықтығымен салыстыру қажет.
4. Көбінесе аумақтың ендік бойынша орташа параллелі кес-
кін делмейді. Сондықтан көршілес жатқан меридиандар доға-
сы
ның ұзындығын кескінделген аумақтың ортасына ең жақын
8–1171
114
орналасқан параллельді алу керек. Мысалы, Қазақстанның кар-
тасында 48º, Ресей Федерациясының картасында 60º параллельді
алған дұрыс
5. Қалыпты конусты проекциямен
құрылған картографиялық
торда меридиандардың аралықтарының бұрыштары олардың
бой лық айырмасына қарағанда əрқашан аз болады. Ол əртүрлі
конус тық проекцияда əртүрлі.
6. Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің картасында сол-
түстік бұрыштамасының сыртында ғана емес, картаның беті нен
тыс аумақта да қилысады.
Жарты шарлар карталарының басым бөлігі азимуттық про-
екциямен құрылатындықтан, оны анықтаудың
бірінші сатысында
бел гілі бір проекцияның қандай нұсқасына жататынын білу ге
ба са назар аудару керек [2.9-кесте]. Анықтаудың екінші саты сы
тал данатын карта құрылған проекцияның түрімен тануға мүмкін-
дік береді.
2.9 кесте.
Достарыңызбен бөлісу: