Оңтүстік бұрыштама. Оңтүстік бұрыштаманың астының
орталық бөлігінде сандық, атау жəне сызықтық масштабтары
орналасады. Сызықтық масштаб сандық масштабтың сызықтық
кескіні болып табылады. Оны пайдаланып штангенциркульдың
көмегімен картадағы екі нүктенің ара қашықтығы мен
координаттың созылуы өлшенеді. Сызықтық масштабтың астын-
да тұтас готизонтальдар 10 метрден кейін жүргізілген деген сөз
жазылады. Екінші жазу картадағы нүктелердің абсолют биіктігін
есептеу Кронштад футштогындағы нөл-пункттен басталаты-
нын білдіреді. Сызықтық масштабтың оң жағында жергілікті
жердегі жер бедерінің көлбеулігін анықтау қызметін атқаратын
горизонталь аралық ұзындық графигі орналасқан. Горизонталь
аралық ұзындық графигі екі шкаладан тұрады. Оң жағындағы
шкала белесті жазық жерлердегі беткейлердің көлбеулігін,
ал сол жағындағы шкала тау беткейінің көлбеулігін өлшеу
қызметін атқарады. Көршілес жатқан екі тұтас горизонтальдың
арақашықтығын штангенциркульмен өлшеп алып, оның екі
аяғының инелерінің горизонтаь аралық ұзындық графигінің
сəйкес келетін өлшемімен түйіліскен жеріндегі сандық шаманың
көмегімен таулы немесе белесті жазықтардағы беткейдің
көлбеулігін есептейді.
Сандық масштабтың сол жағында меридиандарды жақындату
мен ауытқу бұрыштарының сызбанұсқасы орналасады. Оның
сол жағында карта құрылған жылғы меридиандарды жақындату
мен ауытқу бұрыштарының деректері жазылады. Бұл деректер
арқылы бағдарлау үшін картаны пайдалану сəтінде тұсбағдар
тілінің координаттар торының сызығанан магниттік ауытқуын
есептеп шығаруға болады. Шығыс бұрыштаманың астында
картаны кескіндеу əдісі мен басуға дайындалған жəне баспа-
дан шыққан мерзімі, орындаушылар мен саралаушының аты-
жөндері жазылады.