Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет222/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

7.3. Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. 
Топографиялық карталардың номенклатурасы
Топографиялық карталардың геодезиялық негіздері 
нысандардың картада дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Оны 
мемлекеттік геодезиялық торлар (жоспарлы жəне биіктіктік) мен 
кескіндеу негіздемесінің жекелеген нүктелері құрайды. Жоғарыда 
аталған қосындардың нақты координаттары елдімекендерді карта-
да кескіндеу қызметін атқаратын арнайы каталогтарда сақталады. 
Карталарды қағаз бетіне түсіру үшін алдымен координаттар торы 
құрылады да, оған 0,2 мм дейінгі дəлдікпен трапециялардың 
бұрыштары мен геодезиялық негіздердің қосындарын 
кескіндейді. Содан кейін олардың араларына жергілікті жердегі 
нысандардың картографиялық кескінін бейнелейді. Картаның 
дəлдігін онда қамтылған нысандардың кескінінің геодезиялық 
тірек нүктелеріне қатысты орны айқындайды. Ережеге сəйкес 
жергілікті жердегі заттардың орны мен кескінінің жақын маңдағы 
геодезиялық қосынға қатысты қателігі жазықтарда –0,5 мм, та-
уларда-0,75 мм аспауы тиіс. Геодезиялық торлар мен ширек 
нүктелері арқылы жердің физикалық бетінен элипсоидқа жəне 
одан картаға өтуі іс жүзінде жүзеге асырылады. 1:1 000-1:100 
000 карталарға 1, 2, 3 класты барлық геодезиялық қосындар 
түсіріледі. Геодезиялық қосындар құрылыс, жол салу, əскери 
жəне оқу жұмыстарында жергілікті жермен байланыстыратын 
тірек нүктесі ретінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет