372
лер жүргізу, картаның көрнекілігін, дəлдігін, мазмұнының то-
лықтығы мен мəнерлі болуын қамтамасыз ету үшін саралау нұс-
қауларын құру сыяқты кешенді жұмыстардан тұрады.
Тікелей түсіру жұмыстарын жүргізу үшін
жоспарлы
жəне
биіктіктік
торларды қамтитын
геодезиялық негіздерді
дайын-
дау қажет. Ол жергілікті жерге тəн нүктелердің жоспарлы жəне
биік тіктік координаттары мен түсіру жағдайларын (ситуацияла-
рын) анықтауды көздейді. Қорытындыдайтын жұмыстарға дала-
лық түсірудің немесе фотосұлба мен фотокескіннің түпнұс қасын
қағазға сызу, есепті құжаттарды дайындау жатады.
Картаны құру үдерісін қорытындылайтын жəне ең жауапты
кезең картаның басып шығарылатын түпнұсқасын əзірлеп, оны
баспадан басып шығару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: