374
Ішкі лимбаның нөлдік нүктесінің диаметрі сыртқы лимбаның
0-180º сай келетіндей деңгейде орнатылады [14.6 жəне 14.7 - су-
реттер].
Верньердің 0º штрихы ортасында нүктеге бағытталған диоп-
тордың қылымен түйілісетіндей жазықтықта орналасады. Вер-
ньердің СР көрсеткіші мен диоптордың қылының түйіліскен
жазық тығын
коллимациялық жазықтық
дейміз.
Стефанның буссолымен азимутты анықтау төмендегі əдіспен
жүргізіледі:
– буссоль горизонталь түзу жағдайға келтіріліп, нүктеде орта-
лықтандырылады;
– содан соң, буссольды бұрап компастың магнитті тілін ішкі
лимбаның 0º -180º келтіреміз;
– солтүстік магниттік полюске бағыттап болған соң, буссоль-
ды штативке бекітіп заттық диоптордың қылын өлшегіш бағанаға
бағыттап, қажетті нүктенің магнитті азимуты болып саналатын
верньер мен сыртқы лимбаның өлшемін аламыз. Өлшеу бары-
сында төмендегі ережені сақтау қажет:
– градустың есебін бір верньермен алады. Минутын екі вер-
ньермен алып, орташа арифметикалық өлшемін шығарады.
Соңғысын алидаданың айналу орталығы сыртқы лимбаның
орталығымен сай келмеген жағдайда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: