Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жердің шағын аумағының буссольдық сұлбасын (пла-



Pdf көрінісі
бет331/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Жердің шағын аумағының буссольдық сұлбасын (пла-
нын) перпендикулярлар тəсілдерімен
құру
. Буссольдық үсіру 
жұмыстары аяқталған соң, дала жағдайында əртүрлі əдіспен 
жергілікті жерде түсірілген барлық нысандар жазықтыққа (қағаз 


381
бетіне) түсіріледі. Кестеде келтірілген сандық деректерді пайда-
ланып жердің шағын аумағының сызбасын құру төмендегі ретпен 
жүргізіледі. Стандартты А4 форматтың ортасынан тік бағытта 
орталық меридиан сызығын жүргіземіз. 
Кескіндейтін аумақтың барлығын қағаз бетіне симметрия-
лы орналасатындай есеппен бірінші нүктені ойша жүргіземіз. 
Бірінші жəне екінші түзу сызықты түсіру үшін орталық мериди-
ан сызығының үстіне 0º мен 180º сай келетіндей етіп орналасты-
рылады да, 42º45’ о.б. румбасы мен масштабқа сай арақашықтық 
белгіленеді. Белгілеп болған соң транспортирдің негізіне 
үшбұрыш пен сызғышты қоямыз. Содан соң транспортирді алып 
тастап орталық меридиан сызығын бойлай бірінші нүктемен 
түйіліскенше жылжытамыз да, орталық меридиан сызығымен 
бірінші нүктеге дейін арақашықтықты өлшеп алып, масштабқа 
сай кішірейтіп түзу сызық жүргіземіз. Орталық меридиан мен 
бірінші нүктенің арақашықтығын өлшеу үшін транспортирдың 
көлбеу масштабын қолданамыз. Түзу сызықтың соңында цир-
кульмен кішкене дөңгелек жасайды. 
Екінші түзу сызықтың румбасын анықтау үшін транспортирді 
тағы да орталық меридиан сызығының үстіне қояды. Екінші 
нүктенің румбасы 73º 30’ оңтүстік батысты тауып алынады. Бірін-
ші жəне екінші нүктенің арақашықтығын транспортирдің көл -
беу масштабын пайдаланып транспортирдің көмегімен анық тап, 
кішкене шеңбермен белгілейміз де, содан соң екінші нүк те ден 
транспортирдің көмегімен үшінші нүктенің румбасын ара қа шық-
тығын анықтап, əртүрлі нүктелерді орталық меридиан сы з ы ғымен 
қосатын перпендикуляр түзу сызықтар жүргізеді. Осы əдіспен 
барлық нүктелерді есептеп шығарады. Тұйықталған поли гонда 
теория жүзінде бастапқы нүкте сай келіп түйілісуі керек. 
Жер бетінің көлбеулігін өлшеу жұмыстарындағы қателіктерге 
байланысты бірінші жəне соңғы нүктелер бір-бірімен байланы-
спайды. Аталған нүктелердің бір-бірімен байланысуы топографи-
яда 
сызықтардың
 
байланыспауы 
деп аталады. Сызықтардың бір-
бірімен үйлеспеуін бірінші жəне соңғы нүктенің арақашықтығын 
ұзындық өлшегіш құралдармен өлшеп алып, циркульді көлбеу 
масштабына қою арқылы метр есебімен анықтап, абсолют қате-
лікті табамыз. Жұмыстың орындалуының нақтылығын абсолют 


382
жəне салыстырмалы қателіктердің көмегімен анықтайды. Салы-
стырмалы қателік кескіндейтін аумақтың барлық периметрінің 
қатынасы арқылы анықталады.
;
p
m
τ
=
мұндағы m–салыстырмалы қателік 
τ
-абсолют қателік р кескін-
делетін аумақтың периметрі (барлық ұзындық өлшемінің 
жиынтығы) əр 200 м ұзындықтың салыстырмалы қателігі 1 мет-
рден аспауы керек. Мысалы, бірінші жəне соңғы нүктелердің ара-
қа шықтығын өлшеп алып, жердің шағын аумағының сызбасында 
(план) сызықтардың бір-бірімен байланыспауын анықтаймыз. Ол 
көрсеткіш 2 м тең, кескінделетін аумақтың периметрі 548,04 м.
Мұндай жағдайда салыстырмалы қателікті жоғарыда көрсетіл-
ген формуламен анықтаймыз.
;
219
1
0
,
548
5
,
2
=
=
m
Сызықтардың байланыспауы шектен аспайтындықтанғ,оны 
полигонның барлық сызықтарына теңдей бөлеміз. Оның ең 
қолайлысы кестетік əдіс. Ол үшін байланыспайтын сызықтардың 
бағытын анықтайды. Жердің шағын бөлігінің сызбасында сол 
бағытта сызық жүргізеді. Сондай сызықтарда нүктелердің 
түйіліскен жерінде жүргізеді. Алынған сызықтардың байланы-
спауы барлық түзулерге тепе тең түрде бөлінуі тиіс. Түзетулерді 
енгізуді анықтау үшін жердің шағын аумағының астына көлденең 
сызық сызып, біршама ұсақ масштабпен бөліктерге бөлеміз. 
Белгілі бір ретпен полигонның барлық нүктелерін 
қамтитындай тең бөліктерге бөлеміз. Мысалы, түсіру масштабы 
1: 5000 болса, полигонның периметрінің жалпы ұзындығы 10,96 
см болады. Сондықтан шағын аумақтың сызбасының астына 
ұзындығы 10,96 см көлденең түзу сызық жүргіземіз. Жүргізген 
соң бастапқы нүктеден 100,5 м., 108,6 м., 124,09 м., 135,2 м., 79,65 
м. жоғарыдағы көрсетілген масштабқа сай көлденең сызыққа пер-
пендикуляр сызықтар жүргізіп, 5 негізге бөлеміз. Содан соң соңғы 
нүктеден абсолют қателік, 2,5 масштабына сай өлшеп алып, соңғы 
нүктеден бастапқы нүктеге бағыттап көлбеу сызық жүргіземіз. 
Нəтижесінде кескінделетін аумақтың сызықтарының байланыс-
пауының үшбұрыштысы тəрізді кестетік сызбасы шыға ды.


383
Кескінделетін аумақтың өлшенген бағыттардың түзу сызық-
тарының түйіліскен əрбір нүктелеріне енгізілген түзетулерді бел-
гілей ді. Түзету енгізілген жаңа сызықтарды бір-біріне қосады. Бұ-
дан соң шағын аумақтың сызылған шекара сызықтары сұлба сы ның 
ішіндегі барлық географиялық нысандардың кескіні түсі рі леді.
Буссольдық түсіру жұмыстарының нəтижесінде шағын 
аумақтың сызбасы құрылады. Жоғары жағына румбамен 
кескінделген шағын аумақтың сызбасы деп тақырыбын жазы-
лады. Сызбаның ортасына немесе оң жақ шетіне солтүстік пен 
оңтүстікті көрсететін бағдар сызық жүргізіледі. Сызбаның асты-
на бірінің астына бірін келтіріп, сандық атау, сызықтың масштаб-
тарымен сызықтардың бір-бірімен байланыспауының масштабқа 
сай негіздерге бөлінген үшбұрыш тəрізді кестетік сызбасы шарт-
ты белгілері орындағандардың аты-жөні көрсетіледі.
Көзмөлшері түсіру жұмыстарының далалық кітапшасы
Қолданылған құрал ___________________________
______________кескіндеген уақыты_____________ауа 
райы_______________түсіру жұмыстарын жүргізген аудан _____
________________________________________________
Жұмысты орындағандар:
______________________________________________
____________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
__________________________________________
өлшемдерінің сандық деректерін тіркейтін дала кітапшасы
Өлшенетін 
түзулердің 
реттік саны
Азимуты
Румбысы
Екі түзудін 
арақашық тығы 
метр есебімен
Ескертулер
1-2
222º 45'
42º45' о.б
100,5
Шағын 
аумақтың 
сызбасының 
масштабы 
1:1000
2-3
28º30'
7 º30' с.б
108,6
3-4
349º45'
10º15'
с.б.
124,09
4-5
100º45'
79º15' о.ш
135,2
5-1
128º45'
51º45'о.ш.
79,65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет