Полярлық əдіспен жергілікті жердің шағын бөлігінің кескінін құру. Көз мөлшері түсіруі онша күрделі емес қарапайым əдістермен
2-3 адам жылдам жүргізе алады. Ол таныс емес жерлермен қозғал-
ғанда қажет. Көз мөлшері түсіру жұмыстарын оқушылар мектеп
жанындағы алаңда, туристік жорық барысында жеңіл құра алады.
Көз мөлшері түсіру жұмыстарының нəтижелерін спорттық
бағдарлауда т.б.қолданады. Оған бекітілген тұсбағдары бар
планшет, нысаналы сызғыш, өлшегіш, дала циркульі штатив,
қарындаш пайдаланылады. Арақашықтықты адымдап өлшеп,
затқа дейінгі бағытты кестетік құру арқылы планшетке түсіреді.