Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет330/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

10.11 сурет.
Жергілікті жердің көзмөлшері түсіруінің сұлбасы
Көз мөлшері түсірудің қағаз бетіне кескінделген сұлбасына 
кескінделетін аумақта жүргізілген өлшемдердің барлық сандық си-
паты тіркеледі. Буссольдық түсіру барысында жіберілетін қателік 
±
30' аспауы керек. Магниттік ауытқудың бір тəулік ішіндегі 
тұсбағдардың магнитті тілі 15º шамасында ауытқиды. Осыған 
орай қандайда бір бағыттың бұрышының азимутын анықтағанда 
бастапқы жəне соңғы нүктелердің арақашықтығына тепе тең 
қателіктер кетеді. Сондықтан тұсбағдармен арақашықтығы 50-60 
метрден аспайтын шағын аумақты түсірген тиімді [10.11-сурет]. 
Жергілікті жерде бағдарлаудың қарапайым əдістерін меңгеруді 
қажет ететін көз мөлшері түсіру жұмыстарын полярлық əдіспен 
қатар тура белгілеу, перпендикулярлар тəсілдерімен де жүргізуге 
болады.


380
Топографтың міндетіне жергілікті жердің сұлбасында (пла-
нында) жергілікті нысандардың сандық жəне сапалық сипатта-
рын белгілеуіде кіреді. Ағаштардың, бағаналардың, көпірлердің 
өтетін бөлігінің биіктігін сызғышпен де анықтауға болады. 
Нысанның биіктігі (Н) 
;
Lh
H
l
=
мұндағы 
h
– сызғыш бойынша алынған санның мəні, 
 l -
сызғыштан 
көзге дейінгі қашықтық, 
 
L – нысанға дейінгі жергілікті жердегі 
метр есебімен алынған арақашықтық. Осы формуламен адамның 
бойы, ағаштың, электр желілерінің бағаналары сияқты биіктігі 
алдын-ала белгілі жақын алыстан жақсы көрінетін нысанның 
арақашықтығын да өлшеуге болады. 
Ашық күндері биіктігі белгілі нысанның көлеңкесін пайдала-
нып нысанның биіктігін де өлшеуге болады. Мысалы, адамның 
бойы 1,8 м ал оның көлеңкесі 1,2 м болса көлеңкенің транс-
формациялану коэффициентін есептеп оны басқа нысанның 
биіктігін өлшеуге қолдпануға болады. Кітап, таяқ, сіріңке қорабы 
сияқты шағын затты пайдалануға да болады. Оның басты шарты 
көлеңкенің ұзындығын нысанның биіктігін өлшер алдында есеп-
теу болып табылады. 
Геометрияның ережелерін басшылыққа ала отырып бір жаға-
лауында тұрып онша күрделі өлшеулермен өзеннің енін анық-
тауға болады. Өзеннің бір жағасында тұрып екінші жағалау дағы 
бір-біріне жақын орналасқан екі бағдарлық нысанды таланады. 
Қолды созып, көз алдына бұтаның бір бөлігін ұстайды да, 
сол арқылы екі нысанды да бағдарлайды, екі ұшы арқылы ны-
сандар көрінетіндей қашықтыққа бұрын бұтамен өлшенгендей 
қашықтықтың жартысындай болғанға дейін жағалаудан артқа 
жылжиды. Екі жағдайда да бұтаны көзден бірдей қашықтықта 
ұстайды. Жүріп өткен жолдың жұп адымға сəйкес келетін 
ұзындығын метрге айналдырады [10.11-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет