378
бағыт бойынша жүріп өту немесе айналасы жақсы көрінетін бір
нүктеде тұрып полярлық тəсілмен жүргізіледі. Жүріп
өту бағыты
жолдар, кескіні айқын ажыратылатын сызықтық нысандардың
бойында кедергілер кездеспейтын нысандар арқылы жүргізіледі.
Кескіндік шысандарды алу үшін көбінесе бір нүктеде тұрып
түсіретін полярлық тəсіл қолданылады. Ол үшін түсірілетін
аумақтың шеткі нүктелеріне нысаналауға қолайлы екі түспен
боялған жолақты қадалар орнатады. Содан кейін түсіру
жұмыстарын жүргізетін аумақтың ортасындағы бірінші нүктеге
штативті орнатып, көлденең түзу жағдайға келтіреді. Одан кейін
планшетті қойып, жоғарыда көрсетілген тəсіл
бойынша тұсбағдар
тілінің тұрақты түрде солтүстікке бағытталуын қадағалап
бағдарлайды да түсіру алаңының кескінін айқындайтын шеткі
нүктелеріндегі əрбір қадаға бағыттап азимуты мен румбасын
есептеп,
арақашықтығын жұп адыммен, рулеткамен немесе дала
циркулінің көмегімен өлшейді. Түсіру жұмыстарын жүргізіп
болған соң алынған сандық деректерді транспортирдің көмегімен
азимутын анықтап белгіленген масштабпен қағаз бетіне түсіреді.
Жергілікті жердегі түсіретін аумақтың жер бедерінің ойлы
қырлылығын, өзендер
мен жолдардың иректігін, орман, тоғай
мен батпақ шалғындар шекараларының күрделі кескінін нақты
анықтау үшін көз мөлшері түсіру барысында құрамдасқан
əдістерді қолданған тиімді. Өзеннің иректілігін анықтау үшін,
өзенді бойлай перпендикулярлар тəсілдері
бойынша бағыттық
түсіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өлшеу жұмыстарын жүргізу
барысында түсірілетін аумақтың сұлбасына (абрисіне) белгілі
бір бағыттағы сызықтардың көлденең бұрыштары мен бастапқы
нүктеден немесе жүріп өтетін бағыттың бойындағы түзу сызықтан
арақашықтығын жазып отыру қажет.
Егер кескіндейтін аумақтың бір
бөлігі өзен жағалауына сай
келсе арнайы магистральды түзу сызық жүргізіп, перпендикуляр
əдіспен түсіреді.
Егер тура жəне кері азимуттың өлшемі 180º-қа ауытқыса,
қажетті нүктелердің көлденең бұрыштарын қайта өлшейді, егер
өлшемдердің
ауытқу шамасы аз болса, орташа арифметикалық
өлшемін есептеп шығарып, тура жəне кері азимутқа бөліп жа-
зады. Мысалы, 1-2 нүктенің тура азимуты 280º10’ +
кері ази-
379
муты 208º 20’ тең құралдың екі жақты өлшемінің айырмасы 10
өлшемнің ауытқуының рұқсат етілген шегіне жатады. Кері жəне
тура азимутқа бөліп жазғанда тура азимут 28º 15’ болады.
Достарыңызбен бөлісу: