Перпендикулярлар тəсілдері бұлақтар мен орман шоқтары
иректелген кескіндері, ірі нысандардың қоршаулары сияқты
нысандарды түсіру барысында қолданылады. Бұл нысандардың
барлығының кескіндері күрделі болуымен ерекшеленетіндіктен
олардың нақты пішінін жүріп өтетін жол мен нысанға дейінгі
арақашықтықты перпендикуляр түзу өлшеулер арқылы ғана
анықтайды. Ол үшін жүріп өтетін жол бойындағы түсіретін əр
нүктеден кескіні күрделі нысанға дейінгі аралықты өлшеп белгілі
бір масштабпен алынған сұлбаға (планға) түсіріп отырады
[10.9 а-сурет].