375
Белгілеу тəсілін
түсіретін нысан қолжетімсіз болғанымен,
нысаналау сəулесі арқылы сұлбаға (планға) түсіруге мүмкіндік
беретін негізгі жүріп өтудің екі немесе үш нүктесінен көрінетін
орындарда орналасқан жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда
қажетті нысанды бір нүктеден белгілеп, содан соң нысаналау-
ды екінші нүктеден қайталайды да, бағытталған екі бағыттың
түйліскен жерінде түсірілетін нысанның орнын белгілейді
[10.9а-сурет].
Үшінші бақылау нүктесінен нысаналаған жағдайда нысанның
орнын жоғары дəлдікте анықтауға болады. Егер үш сəуле бір-
бірімен түйліскен жағдайда үш бұрыш түзілсе,түсірілетін нысан
үш бұрыштың тура ортасында орналасады.
Полярлық əдіс түсірілетін аумақ жақсы көрінетін орын-
да орналасқан бір нүктеден қажетті нысанға дейін нысаналап,
екеуінің арақашықтықтарын өлшеуге негізделеді [10.9 ə-сурет].
10.9 сурет
.
Буссольдық жəне көзмөлшері түсіру жұмыстарын жүргізу
барысында белгілеу (А) жəне полярлық (Ə)тəсілді қолдану
Достарыңызбен бөлісу: