384
10.13 сурет.
Буссольдік кескіндеудің негізінде
құрылған жердің шағын
бөлігінің сұлбасы (абрисі)
10.3 Теодолиттік түсіру
Теодолит мемлекеттік геодезиялық тірек торлар жүйелері
қосындарының аралығындағы тірек торларын құру жəне оларды
жиілендіру мақсатында көлденең жəне
тік бұрыштарды өлшеу
үшін қолданылады.
Теодолит пен əртүрлі қашықтық өлшегіш құралдарды пай-
даланып жергілікті жер сұлбасының (планының)
далалық
түпнұсқасын құруды
теодолиттік түсіру
дейміз.
Теодолит
жергілікті жердегі көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеуге
арналған казіргі кездегі жетілдірілген
оптикалық құралдардың
бірі болып табылады.
385
Теодолиттік түсіру көбінесе көлбеулігі 6° аспайтын жазық жер-
лерде жүргізіліп,
жерді орналастыру, орман шаруашылығында,
елдімекендердің жоспарын құру барысында кеңінен қолданылады.
Теодолиттік түсіру торы жергілікті
жерде теодолиттік
жүрістер арқылы құрылды. Бұрылу нүктелері жергілікті жерде
бекітілген
сынық сызықты желіні
Теодолиттік жүру
дейміз. Ол
тұйықталған,
тұйықталмаған
жəне
бір жағы
тұйықталған көп
бұрыш түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: