Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет334/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Теодолиттің құрылысы
. Басқа геодезиялық құралдар сияқты 
теодолитте көтергіш үш винтпен (1) қамтамасыз етілген заттық 
стол дың (А) үстіне бекітіледі. Заттық столдың астындағы жыл-
жымалы станды винт (2) арқылы теодолит үш аяқты штативке 
бекі тіледі.
10.15 сурет.
Т-30 теодолитінің құрылысы


387
Көтергіш үш винт (1) теодолитің тік білігін (2) көлденең түзу 
жағдайға келтіру қызметін атқарады [10.15-сурет].
Алидадалық шеңбердің 
(С) білігі (5) көлденең шеңбердің втул-
касына (4) енгізілген. Осыған орай екі шеңбердің (алиадалы жəне 
көлденең) білігі бір-біріне сай келеді. Көлденең жəне алидадалық 
шеңберді нөлге келтіру үшін тежегіштер қолданылады. Алидада-
лық шеңбердің диаметрінің екі шетінде лимбаның градустары-
ның минуттарын өлшейтін шкала 
верньер 
бар.
Объективтің оптикалық орталығы мен окулярды байланысты-
ратын түзу сызық көру түтігінің 
оптикалық білігі 
деп аталады. 
Объективтің оптикалық орталығымен жіпті торлардың орталық 
нүктесін қиып өтетін түзуді 
нысаналау білігі 
дейміз.
Кезкелген геодезиялық құралдың маңызды бөлігі цилиндрлі 
деңгей болып табылады. Ол теодолиттің біліктерін көлденең 
түзу жағдайға келтіріп түзулігін анықтау қызметін атқарады. 
Цилиндрлі деңгей арнайы ұстатқышқа бекітілген əйнек ампула 
болып табылады. Ампуланың ішіне ауа көпіршігі бар күкіртті 
эфир толтырылған. Ампуланың бетіне штрихтар жүргізілген. 
Олардың орталығындағы штрих сызығы 
нөл-пункт
деп аталады. 
Ауа көпіршіктері нөл-пультке симметриялы орналасқанда құрал 
көлденең түзу жағдайға келтірілді деп есептелінеді.
Алидадалық шеңбердің білігінің тежегішін босатып буссоль-
дің магниттік тілін ортасындағы сызық пен түйіліскенше бұрап, 
солтүстік магниттік полюстің бағанын анықтап аламыз. Тежегіш 
винтті қайта бекітіп алиадалық жəне дөңгелек лимбалы көлденең 
шебердің нольдік көрсеткішінің бір-бірімен бір сызықтың бой-
ында түйілісуін қайта тексереміз.
Белгілі бір бағыттың бұрышын есептеу кезінде көлденең шең-
бер дегі дөңгелек лимбаның шкаласы мен алиаданың экс центр лі гі 
əсер етпес үшін алидадалы шеңбердің екі верьнерінің көр сет кі-
шін жұптап алу əдісі қолданылады.
Верньер 
лимбаға қарағанда көлденең жəне тік бұрыштардың 
азимут тарын жоғары дəлдікпен есептеуге мүмкіндік береді. 60° 
теодо литтерде Верьнер 5’ теңдей 12 бөлікке бөлінген доға тəрізді 
шкала дан тұрады.
Көлденең жəне тік бұрыштардың минуттарын бір-бірінен ажы-
рату үшін шкаланың ортасынан сызық жүргізілген. 60’ тео до лит тің 
верньерінің 12 шкаласының əрқайсысының арасы 5’ тең (12х5 -60’).


388
Егер бұрыштық өлшеммен берілген лимбаның шкаласының 
бөліктерін 
l, 
ал верньердікін (олда бұрыштық өлшеммен берілген) 

əрпімен, лимбаның əр шкаласының сандық көрсеткіші (
n-
1), 
верьнердікі - 
n
деп белгілесек,
l
(
n-
1)=
vn 
немесе 
l
 
n- l
=
vn
теңдеуі шығады. Теңдеуді теңестіру арқылы верньер шкаласының 
дəлдігін есептеп шығаруға болады. 
ln-vп= l; n(l-v)=l; (l-v) t
арқылы белгілеп верьнер 
шкаласының дəлдігін
n
l
t
=
формуласымен анықтаймыз.
Қорыта айтқанда, 
верньердің дəлдігі
лимба шкаласының 
бөліктері верньердің сандық бөліктеріне бөлгенге тең. Егер 
лимбаның бір бөлігі 20 тең болып, верньер 40 бөліктен тұрса, 
жоғарыдағы формуланы қолданып, верньердің дəлдігін оңай 
анықтауға болады.
1
1
20
0,5
40
t
=
=
оны секундқа айналдырсақ, t=30’’
тең болады.
Дөңгелек лимбалы көлденең шеңбер мен алидадалық 
шеңбердің көмегімен қажетті бағыттың бұрышының азимутының 
өлшемдерін алу үшін оптикалық теодолиттер де шкалалы микро-
скоп пен микрометрмен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет