Жердің физикалық (топографиялық) беті – барлық ойлы-қырлы-
лы ғын қоса есептегендегі құрлық беті. Ол өте күрделі болғандықтан
математикалық өлшеу қиынға соғады. Сондықтан Жердің физикалық
бетінің пішіні барлық ойлы-қырлылығымен емес, теңіз деңгейімен
есептелінеді.
Жердің деңгейлік беті – жердің кіндігіне бағытталған барлық сызыққа
перпендикуляр болатын дүние жүзілік мұхиттың деңгейі. Физикалық бетке
қарағанда ол біршама тегіс болуымен ерекшеленеді.
Жердің физикалық бетінің деңгейі – тыныш жатқан теңіз
деңгейіндейінен алынған жердің беткі деңгейі
. Жер бетінде түсіру əдісі – инженерлік міндеттерді жүзегеасыру (ірі
ғимататтарды, каналдарды, жолды тағы да басқа нысандарды салу) ба-
рысында жергілікті жердің ірі телімдерін аэрофототүсіру тиімсіз болған
жағдайда жергілікті жердің шағын бөлігінің сұлбалары (пландар) мен кар-
таларын құру əдісі.
Жеке масштаб – элипсоид пен картаның жеке бөліктеріндегі белгілі
бір нысандар өлшемінің сəйкестігін көрсететін масштаб
.