Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қатты денелердегі қысым
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипатта
|
Сабақтың мақсаты
|
Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алды.Қысымның физикалық мағынасын түсінеді
Белгілі бір бетке түсетін қысымның күнделікті өмірде ,формуласын есеп шығаруда қолдана біледі және қорыта алады
Теориялық білімін өмірде қолдана алуға үйренеді
|
Бағалау критерийі
|
-оқушы қысым ұғымын түсіндіре алады
-есептер шығаруда формулаларды дұрыс қолдана алады және өлшем бірліктерін қорыта алады
-жұмысқа арналған құралдарды дұрыс пайдалана алады
-математикалық есептеуді дұрыс жүргізе алады
-жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды
|
Тілдік мақсаттар
|
қазақша
|
орысша
|
ағылшынша
|
Қысым
|
давление
|
Pressure
|
Аудан
|
площадь
|
Area
|
Күш
|
сила
|
Force
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:қысым,Ньютон,Паскал,масса,күш,ауданды ,скалярлық.векторлық шамаларды қолдана алады
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Белгілі бір бетке түсетін........әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама........ екенін көрсете алады
|
Құндылықтарға баулу
|
Еңбек және шығармашылық ,ынтымақтастық,өмір бойы білім алу
Қысым ұғымын түсіндіру негізінде оқушыларды еңбек пен шығармашылыққа баулу.Күнделікті өмірде қысым ұғымы жиі кездесетіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу арқылы оқушыны өмір бойы білім алуға баулу
|
Пəнаралық байланыс
|
Жаратылыстану және математика,химия, орыс және ағылшын тілдері
|
Алдыңғы білім
|
Заттардың молекулалық құрылымы негізінде қатты денелердің.сұйықтар мен газдардың құрылымын сипаттай біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
.«Шаттық шеңбері»әр оқушы өз жұбына тілек айтады.
1.3.Жұптық жұмыс.Алдыңғы білімдерін пысықтау«Бос орынды толтыр»әдісі б/ша
Физикалық диктанталынады.
МКТ –ның негізгі қағидасын ұсынған........
Қатты заттар ..... мен .......сақтайды.
....... кез келген көлемді алады
Сұйық заттар .......қасиетке ие
Барлық заттар .......тұрады
Әрбір жұпқа таратылым материалдары беріледі,ондағы бос орындарды толтыру тапсырылады.
Жұмыстарын ауыстырып ,жұптар бір-бірінің жұмысын тексереді./дәптермен жұмыс/
/Интербелсенді тақтада дұрыс жауап беріледі/
1.4.Топқа бөлу«Сұрақты ұстап алу» әдісі
бойынша сұрақтар қойылады
Дененің инерттілігінің өлшемі?
Бір дененің екінші денеге әсері?
Ұзындық пен еннің көбейтіндісі?
Дұрыс жауаптары бойынша 3 топқа бөлінеді
|
Кітап,дәптер,түрлі –түсті стикерлер,суреттер,есептер жинағы,электронды оқулық
Ғаламтор желісі,топ аты жазылған парақшалар
Таратылым материалдар
аудан
масса
күш
|
Сабақтың ортасы
|
Топтық жұмыс/мәтінмен жұмыс/
Ой қозғау:
Масса тобына-иненің ұшы болмаса тігу қиын,үшкір инемен тігу оңай.Неге?
Күш тобына-өтпейтін пышақпен кесу қиын,өткір пышақпен кесу оңай.Неге?
Аудан тобына-шегені ұшымен қабырғаға қағу оңай,қалпағымен қағу қиын .Неге?
/оқушылар проблемалық сұрақтың жауабын табу үшін топ ішінде талқылайды қорытынды жасайды.
Мәтінмен жұмыс жасайды.Мәтіннің мағынасын ашу үшін тапсырмалар беріледі
Тапсырма №1
Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме?
Дескриптор: Білім алушы - қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндірді
Тапсырма №2
Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз
Дескриптор: Білім алушы - қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасады
«Ой тастау» әдісібойынша оқушыларға осы тақырыптан есеп беріледі.Есептерді әрқайсысы шығарады.
|