Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жеке диаграммалар тəсілі –



Pdf көрінісі
бет403/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Жеке диаграммалар тəсілі –
картаға түсірілген қандайда бір 
құбылыстардың жер бетінің əртүрлі нүктелеріндегі абсолют немесе салы-
стырмалы мəнін көрсету үшін қолданылатын жеке диаграммалар. 
Жер бедерінің карталары –
жер бетінің үш өлшемді, көлемді үлгісі 
түрінде құрылатын картографиялық өнім. Көрнекі, əрі, мағыналы болу 
үшін мұндай карталардың көлденең масштабына қарағанда тік масштабы 
таулы аумақтар үшін 2-5 есе, жазықтар үшін 5-10 есе ірі болып келеді.
Жоспарлы торлар –
элипсоидтағы жоспарлы координаттарды бекітуді 
қамтамасыз ететін геодезиялық тор.
GPS 
– нысанның географиялық координаттын, теңіз деңгейінен 
биіктігін, қозғалатын бағытты анықтауға, геодезиялық тірек торларын 
құруға басқа да жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін американның 
Ғаламдық позициялау жүйесі (Global Positsioning system). 
Изосызықтар тəсілі – 
ұсақ жəне ірі масштабты карталарда белгілі 
бір құбылыстардың көрсеткіштері бірдей нүктелерін қосатын қисық 
сызықтар. Изосызықтар тəсілін жер бедерін кескіндеуге, тақырыптық кар-


448
таларда құбылыстардың бірдей көрсеткіштерінің таралу ерекшеліктерін 
кескіндеуге кеңінен қолданылады. 
Изокалдар – 
картаның бетіндегі ұзындықтың, ауданның, көлденең 
бұрыштар мен пішіннің бұрмалану көрсеткіштері бірдей нүктелерін 
қосатын қисық сызық. Олардың көмегімен картадан ауданның, ұзындықтың 
пішіннің, жəне көлденең бұрышттардың бұрмалануының мəндеріне 
өзгертулер енгізуге де болады. 
Изобат – 
мұхиттардың, теңіздер мен көлдердің тереңдіктері бірдей 
нүктелерін қосатын қисық сызықтар. Ірі су нысандарының тереңдігі изо-
баттармен көрсетіліп, көршілес жатқан изобаттардың аралығы қоюлығы 
əртүрлі көгілдір түстермен боялады.
Изотермалар – 
климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер 
бетіндегі температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар. 
Изогиеттер –
климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер бетін-
де гі түсетін жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын қисық сы з ы қ. 
Изобарлар –
климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер 
бетіндегі атмосфералық қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет