Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет405/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картаны құрастыру 
– картада қамтылған аумақ -
тың мазмұнын айқындайтын негізгі картографиялық кескіндер мен қосым-
ша жабдықтаушы құрамдас бөліктерін қағаз бетіне орналастыру сипаты. 
Картаны тиімді құрастыру міндетін жүзеге асыру салатын суретін дұрыс 
ойластыруды көздейтін суретшінің шығармашылық іс-əрекетіне ұқсайды. 
Картографиялық жинақтау – 
карталардың масштабына сай жер 
бетінің қамтылатын аумағындағы географиялық нысандардың негізгілерін 
таңдап, іріктеп алу. 
Картаның геометриялық дəлдігі – 
қажетті географиялық нысан-
дардың жер бетіндегі жəне картадағы орнының бір-бірімен сай келуі. Карта-
дағы қажетті нысандардың ауданы мен пішіні, екі нүктенің ара-қашықтығы 
геометриялық нақтылыққа сəйкес анықталады. 
Картографиялық жинақтаудың географиялық нақтылығы – 
кар-
таны құру барысында
 
камтылатын аумақтағы маңызды нысандардың 


449
ерекше белгілерін, құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен 
географиялық мəнін ескере отырып іріктеу. Географиялық нақтылыққа 
қажетті нысандардың картадағы пішінінің сақталуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет