Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет72/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

2.12 сурет
.
Цилиндрлі проекцияның картографиялық торлары
Олар экваторға перпендикуляр түзу орналасады. Бұл аталған 
проекциядағы меридиандардың пішінін айқындайды. Цилиндрдің 
бетінде параллельдердің пішіні экваторға бағыттас доға тəрізді 
болып жобаланады [2.12-сурет]. Мысалы, 
F
′ жəне 
Е
′ нүктедері 
орналасқан параллельдер. 
Цилиндрді жазғанда картографиялық торлар түзу сызықты 
болатындықтан, меридиандары мен параллельдері бірдей қашық-


75
тықта жүргізіліп, бірін-бірі перпендикуляр түзу қиып өте 
ді. 
Мұн 
дай цилиндрлік проекциямен құрылған карталардың нөл-
дік бұрмалану сызығы қызметін глобуспен жанасатын экватор 
атқарады жəне бұрмалану көрсеткіштері бірдей нүктелерді қоса-
тын 
изокалдар
экваторға бағыттас түзу жүргізіледі. Басты бағыт-
тар 
а
мен b картографиялық тордың сызықтарына сəйкес келеді. 
Бұр малану экватордан алыстаған сайын артады.
Бұл проекциямен картографиялық тор глобустың диаметрінен 
кіші цилиндрде де жобаланады. Қосалқы геометриялық жазық -
тық ретінде цилиндрді бағдарлауға қатысты алынатын карто гра-
фиялық торлар қалыпты, қисық жəне көлденең болып бөлінеді. 
Қалыпты цилиндрлі торларды
білігі глобустың білігімен 
сəйкес келетін цилиндрде
қисық 
торларды білігі глобустың білі -
гін үшкір бұрыш жасап қиып өтетін көлбеу цилиндрде, ал 
көлде-
нең торларды
глобустың білігін түзу бұрыш жасар қиып өтетін 
цилиндр де құрады [2.13-сурет].
2.13-суретте көрсетілген цилиндрлі проекцияның əр түрлі 
нұсқаларының картографиялық торларының жалпы көрінісі
нөл дік бұрмалану сызықтары (НБС) кескінделген. Жанасатын 
қа 
лыпты цилиндрде құрылған картографиялық торда нөлдік 
бұр малану сызығы қосалқы геометриялық жазықтық глобуспен 
жана сатын экваторда түзіледі. 
2.13-сурет.
 
Цилиндрлі проекцияның картографиялық торларының нұсқалары: 
А – жанасатын цилиндрдегі қалыпты; Ə – қиып өтетін цилиндрдегі қалыпты
Б – қиып өтетін цилиндрдегі қисық; В – жанасатын цилиндрдегі қалыпты; 
СА–картографиялық тордың созылу аймағы; С – картографиялық тордың 
сығылу аймағы; НБС–нөлдік бұрмалану сызығы


76
Қиып өтетін қалыпты цилиндрде құрылған картографиялық 
торда қосалқы геометриялық жазықтық (цилиндр) глобуспен 
жанасатын параллельдердің бойында орналасқан екі нөлдік 
бұрмалану сызығы бар. Нөлдік бұрмалану сызықтарының 
аралықтары сығылатындықтан, параллельдердің бойындағы 
ұзындық масштабы бас масштабтан кіші, ал екі нөлдік бұрмалану 
сызықтарының сыртындағы параллельдердің аралықтары гло-
бустан жобалау барысында созылатындықтан бас масштабтан 
үлкен болады. 
Қиып өтетін көлбеу цилиндрдегі көлбеу цилиндрлі карто-
гра фиялық тордың солтүстік бөлігінде нөлдік бұрмалану сызық-
тарының пішіні түзу сызықты болып, орталық меридиан мен ен-
дік тері φ

жəне φ
2
болатын жанасатын параллельдерді перпен-
дику ляр қиып өтеді. 
2.14-сурет.
Қиып өтетін цилиндрдегі көлбеу цилиндрлі проекцияның 
картографиялық торлары
Параллельдері мен меридиандарының пішіндері қисық бола-
ды. Көлденең цилиндрлі проекцияға əр бір көлденең цилиндрді 
Гаусстың бір зонасын жобалауға пайдаланылатын Гаусс пен 
Крюгердің проекциясы мысал болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет