Саяси жəне əкімшілік-аумақтық карталар ең кең таралған
карталардың қатарына жатады. Онда мемлекеттің аумағы,
əкімшілік-аумақтық бөлінісі, шекарасы көрсетіледі.
Экономикалық карталарда шаруашылықтың жағдайы
мен салалық құрамы кескінделеді. Бұл карталар тобының
тақырыбының ауқымы өте кең. Олардың қатарына
шаруашылықтың жеке салаларының, экономикалық аудандасты-
ру мен жалпы экономикалық карталар жатады.
Соңғысында шаруашылық біртұтас сала ретінде көрсетіледі.
Оның өзі топ тармақтарына бөлінеді. Оларға өнеркəсіп, құрылыс,
ағаш өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы көлік жəне коммуникация
сияқты шаруашылықтың негізгі салаларының карталары жата-
ды. Шаруашылықтың аталған топ тармақтары одан да шағын
топшаларға жіктеліп кетуі мүмкін.
Атап айтсақ, өнеркəсіп карталары барлық салаларын қамтитын
жалпы өнеркəсіптік жəне металлургия, отын-энергетика, маши-
нажасау, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі, тағы басқаларын қамтитын
басты өнеркəсіп салаларының картасы болып бөлінеді.