Халықтың тығыздығының картасы көбінесе жинақталған
түрде картограмма əдісімен құрылады. Халықтың елдімекендерде
орналасуы белгілеу əдісімен беріледі. Кейде бұл əдіс картограм-
мамен үйлеседі.
Бұдан басқа
халықтың еңбекпен қамтамасыз етілу карта- сы да бар. Бұл карталарда халықтың экономикалық қарқынды
бөлігінің қоғамдық еңбекке тартылуы немесе халықтың кəсіби
құрамы көрсетіледі. Халықтың орналасуы тұрғындардың санын
сипаттайтын елдімекендерді кескіндеумен тығыз байланысты.
Сондықтан мұндай мазмұндағы карталар да жоғарыда көрсетілген
карталар тобына жатады.