табиғат қорғау карталарының маңызы зор. Оның қатарына «Қазақстанның табиғат қорғау» кар-
тасын жатқызуға болады. Бұл карталарда табиғатты тиімді пайда-
лану барысында қайта қалпына келтіріп консервациялау, жекеле-
ген аумақтарды шаруашылық айналымнан алып, ерекше қорғауға
алынған аумақтар құру сияқты басқа да табиғат қорғаудың негізгі
бағыттары кескінделеді. Онда облыстық, республикалық маңызы
бар қорықтар, ұлттық табиғат бақтары, табиғи (зоологиялық не-
месе ботаникалық) қорықшалар, мемлекеттік маңызы бар табиғат
қорғау шаралары көрсетіледі. Сонымен қатар, топырақ пен
өсімдіктер жамылғысын, жануарлар дүниесін су қоймаларын
қорғау, эрозияға қарсы шаралар жүргізіліп жатқан аудандар, кен
орындарында жерді қайта қалпына келтіру шаралары жүргізіліп
жатқан аумақтар, су қорғау, мемлекеттік орман белдеулері, егіс
алқаптарын қорғайтын ормандар, бағалы балықтарды бейімдейтін
жəне сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
таралған аймақтар кекескінделеді.