Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет142/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картаның мазмұны.
Картада мазмұнның төмендегі 
элементтері көрсетіледі: суторлары, елдімекендер, қатынас 
жолдары, жер бедері, саяси-əкімшілік шекаралары, өсімдік 
жамылғысы жəне жердің беткі жабын қабаты, өнеркəсіптік жəне
мəдениет əлеуметтік нысандар. 
Су торлары.
Теңіздер мен көлдердің жағалау сызықтармен,
жағалауының типтерімен картаға түсіру арқылы жағалаулардың
жалпы ерекшеліктері мен жағалаусыздықтарының тиімделігін 
көрсете алатындай дəлдікпен беріледі. Картада жағалаулардың
əртүрлі типтерінің пайда болу жолдары мен жағалауға жақын 
маңдағы белдеулерде көрсетіледі. Жағалауға жақын маңдағы 
белдеулерді сипаттау үшін жағалауларға жақын маңдағы қайраңдар 
мен, банклер, аралдар, маржан рифтері мен тосқауылдар, су асты
жартастары көрсетіледі.
Жағалау сызықтарына тəн ерекшеліктерін сызу арқылы ашып 
көрсетеді. Жағалаулардағы жағажайлар, жартастар, жарқабақ тар
құм жолдары, батпақтанған, өсімдік қалың өскен бөліктермен 


156
өзгермей жағалаулар кескінделеді. Өзендерді кескіндеу кезінде
өзен жүйесімен оның басты өзенін иректілігінің сипатын ашып
көрсету мақсаттары қойылады. 
Картаның масштабындағы 1,5 см ұзындығындағы барлық 
өзендер қамтылады. Шөлді жəне таулы аудандарда 1,5 см қысқа 
өзендер де түсіріледі. Өзен торлары жəне аудандарда картаның
масштабындағы ұзындығы 2-3 см асатын өзендерде түсірілмейді.
Масштабындағы ауданы 2 мм
2
асатын көлдер мен жасанды
су қоймалары кескінделеді. Одан шағын көлдер бір-біріне жақын
орналасып, шоғырланғанда, географиялық ландшафтының 
ерекшеліктерін сипаттау үшін қамтылады. Өзендер мен 
көлдерді іріктеуге олардың шаруашылықтық маңызы мен өзен
жүйелерінің барлық бөлігі жəне мазмұнының басқа элементтері
əсер етеді.
Өзеннің, көлдің, алатын бөлігі ерекше белгімен көрсетіледі. 
Картаға кеме жүзетін барлық каналдар түсіріледі. Суару жəне 
құрғату су жүйесінің бағытын көрсету үшін түсіріледі.
Құдықтар мен су көздері шөлдер мен халық аз қоныстанған
аудандарда ғана кескінделеді. Су нысандарының аттары жоғары
тығыздық пен беріледі. (өзендер үшін 3 см артық көлдер үшін 
10 мм
2
артық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет