17
1.2. Картографияның құрылымы мен теориялық
тұғырнамалары
Теориялық тұғырнама – (
бұл картография пəні мен оның
əдістеріне қатысты белгілі бір көзқарастар жүйесі. Онда қазіргі
кезеңдегі картография ғылымы мен өндірісінің дамуын айқын-
дайтын үрдістерді түсіну мен анықтау деңгейі қарастыры ла ды.
Тұғырнама
ғылымның бұрынғы тəжірибелерін жинақтап
болашақтағы даму үдерісін бағалайды. Бірақ онда əрқашан
ғылымды түсінудің бүгінгі жағдайы мен болашағын ашып көр-
сетіп, қазіргі көзқарастары мен өзекті мəселелері талқыланады.
Тұғыр наманың эволюциясын жаңа прогрессивті заманауи əдістер
мен технологияны, озық тəжірибелерді игеріп оларды жетілдіру
дəре жесіне сəйкес ескінің жаңаға орын беруі арқылы көрініс та-
ба тын ғылым теориясының біртіндеп даму жолы айқындайды. Қа-
зір гі кезеңде картографияда бірнеше теориялық тұғырнама бар.
Достарыңызбен бөлісу: