метакартография (А. Ф. Асланикашвили бойынша) жəне
картология (Л. Ратай-
ский бойынша) жатады.
Жоғарыда аталған тұғырнамалардың əрқайысының шынайы
негіздемелері, тиімді түйіндері бар. Олар картографияны бірі
дүниені тану туралы ғылым, екіншісі коммуникация құралы,
үшіншісі білім берудің ерекше тілі ретінде қарастырады.
Бұл картографияның сан қырлы екенін, қасиеті мен атқаратын
қызметі алуан түрлі болатын карта шындықтың үлгісі, кеңістіктік
ақпаратты берудің арнасы болумен қатар география мен Жер тура-
лы ғылымның басқа түрлерінің ерекше тілі бар екенін айғақтайды.
Қазіргі кезеңде картографияда біртіндеп конвергенция үдерісі
басым бола бастауы байқалып, картографияның пəніне қатысты əр
түрлі көзқарастар жақындасып, картография мен картаның үлгі лік,
коммуникативтік, тілдік қызметтері туралы ұғымдар құ рам дасуда.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында картографияны ақпараттық-
картографиялық жүйелі үлгілеу жəне геожүйені тану тура-
лы ғылым ретінде қарастыратын жаңа