Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет180/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

2. Картаны құру жұмыстары
. Картаны жасаудың келесі 
кезеңі мазмұнының элементтерін құру болып табылады. Ал-
дымен координаттар нүктелерінің тізбесінен картографиялық 
тордың тораптық нүктелердің координаттары таңдалып алынады. 
Содан кейін арнайы прибор координатографта олар қатты негізге 
жапсырылған қағазға түсіріледі. Қатты негіз (алюминий табақша) 


207
картаны құру үдерісінің барысында туындайтын қағаздың де-
формациялануы жəне оның нəтижесінде болатын бұрмалануды 
азайту үшін қажет. 
Қорыта айтқанда, картаның математикалық негізінің 
нүктесінен оның мазмұнын құруға қолданылатын ірге алына-
ды. Оптикалық приборлар картографиялық тор құрылған қатты 
негізге картаматериалдарды жобалайды. Негіздің тораптық 
нүктелері мен картаматериалдар үйлестіріледі. Бастапқы ма-
териалдары географиялық негіздері бар тақырыптық мазмұны 
негізге көшіріліп сызылады. Жұмыс барысында жаңа картаның 
масштабы мен атқаратын қызметіне сəйкес келетін элементтері 
жинақталып, саралау нұсқаулары ретке келтірледі. 
Картаны құрудың бұл кезеңінің нəтижесінде жоғары дəлдікпен 
сызылған құратын түпнұсқа дайын болады. Кестеасының сапа-
сы жоғары болмауына байланысты құру түпнұсқа картаны басып 
шығаруға негіз бола алмайды. Құру түпнұсқасы саралау карта-
сында тексеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет