Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет46/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

4.1.Тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру
Емханалар бір-бірінен қызметті ұйымдастыру ерекшелігімен (ста-
ционармен біріктірілген, біріктірілмеген жеке), жергілікті белгілерімен
(қалалық немесе ауылдық), көмек беретін тұрғындар топтарының 
ерекшеліктерімен (ересектер, балалар, жасөспірімдер), мамандан-
дырылу дəрежесі бойынша (стоматологиялық, физиотерапилық, 
санаторлық, курорттық) өзгеше болуы ықтимал. Емханалардың 
жұмысы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2004 
жылы 15 желтоқсанда жарық көрген № 874 «Амбулаторлық-емханалық 
көмек беру ережелері» бұйрығы арқылы реттеледі.
Мекеменің қуаты жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің саны 
емханаға бекітіп берілген тұрғындар саны мен күтілетін тұрғындардың 
емханаға қаралуға келу саны бойынша анықталады. Бір ауысымдағы 
дəрігерлерге қаралу санына қарай емханалық мекемелерді 5 топқа 
жіктейді, мамандардың саны белгіленеді, ұйымдық құрылымы 
анықталады. Қаржы органдары емхананың жоспарлы жұмыс 
көлеміне бақылау орнатады. Қалалық емхананың негізгі құрылымдық 
бөлімдеріне жататындар:
– емхана əкімшілігі (бас дəрігер, оның орынбасарлары;
– тіркеу орны мен анықтама столы;
– емдеу-профилактикалық бөлімдері: терапевттік, цехтық 
терапевттік, хирургиялық, травматологиялық, стоматологиялық, 
тісті протездеу, офтальмалогиялық, оториноларингологиялық, 
невралогиялық, физиатерапиялық бөлімдер (бөлмелер), реабилитация 
мен емдік физкультура бөлімі, кардиологиялық, эндокриналогиялық 
бөлмелер, инфекциялық аурулар бөлмесі, əйелдерге кеңес беру бөлмесі, 
дəрігерлік жəне фельдшерлік денсаулық бекеттері, диспансерлік бөлім, 
жедел жəне күттірмейтін жəрдем бөлімі жəне тағы басқа бөлімдерден 
тұрады .
Көмекші-диагностикалық құрылымдарға рентгенологиялық бөлім, 
лаборатория, қызметтік диагностика, эндоскопиялық бөлме, есепке алу 
жəне медициналық статистика кабинеті, əкімшілік-шаруашылық бөлім 
жəне басқалар жатады;
Емхана əкімшілігінің шешімімен өзге де қосымша құрылымдар 
ұйымдастырылады. Мысалы, емхана құрамында қысқа мерзімді 
стационардың орнын басатын бөлімше, күндізгі стационарлар 
жəне денсаулық орталықтары жұмыс істеуі мүмкін. Қалалық жер-
де ұйымдастырылған емханалар өзіне бекітіліп берілген аумақ 
тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Оның жұмысы учаскелік 
шарт бойынша жүзеге асырылады. Бекітіліп берілген өндіріс, құрылыс 
ұйымдары мен өндірістері жəне автокөлік мекемелері жұмысшылары-
на цехтық шарт бойынша көмек көрсетіледі. Əрбір учаскеге дəрігер 


132
мен медицина бикесі бекітіледі. Терапевттер, педиатрлар, акушер-
гинекологтар, фтизиатрлар учаскелік шарт бойынша жұмыс атқарады. 
Амбулаторлық-емханалық көмектің кеңінен таралған түрінің бірі, 
терапевттік қызмет болып табылады. Терапевттік-дəрігерлік уча-
ске медициналық көмек беру жүйесінің ең маңызды бөлімі, ал тера-
певт дəрігерлік учаскедегі медициналық көмекті ұйымдастырушы 
негізгі маман. Терапевттік учаскедегі ересек тұрғындардың орташа 
саны 1900-2000 адам, цехтық дəрігерлік учаскедегі жұмысшылардың 
орта саны 1600 адам болуы тиіс. Алайда өндірістік ортаның еңбек 
ету жағдайының ауырлығына қарай цехтың дəрігерлік учаскеде 1000 
адамнан 2000 адамға дейін болуы мүмкін. Учаскелік терапевт тек 
қана дəрігер-клиницист емес, сонымен қатар алғашқы медициналық-
санитарлық көмек жүйесіндегі денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы. 
Сондықтан да ол қоғамдық денсаулықты, осы саланың менеджментін, 
клиникалық медицина, социология мен психология саласын жете 
меңгеруі қажет. Учаскелік дəрігер тұрғындардың денсаулығын зерт-
теу жəне денсаулыққа қауіп туғызатын себептерді анықтау əдістерін 
жақсы білуі тиіс. Емдеудің, диагностиканың, еңбекті ғылыми тұрғыда 
ұйымдастырудың ең озық əдістерін тəжірибеде қолдана алуы керек. 
Сондықтан учаскелік дəрігерді жалпы тəжірибелік дəрігер деп айтуға 
да болады. Учаскелік дəрігер-терапевт төмендегідей жұмыстарды 
қамтамасыз етуі тиіс:
1. Учаске тұрғындарын емханада немесе үйінде дер кезінде білікті 
терапевтік көмекпен қамтамасыз етуі;
Қауырт жағдайға, жарақатқа, улануға байланысты емханаға 
қаралуға келген кез келген ауыр халдегі ауруға, олардың тұрған жерін 
есепке алмай, жедел медициналық көмек беру;
3. Терапевтік аурулардың ауруханаға жоспарлы түрде 
жатқызылуының алдында міндетті түрде толыққанды тексеруден 
өткізу;
4. Қажетті жағдайда ауруларды терапевтік бөлім меңгерушісіне не-
месе өзге білікті мамандарға көрсетіп, кеңес алу;
5. Ауруларды емдеуге диагностиканың, профилактиканың, терапия 
мен реабилитацияның озық əдістерін қолдану;
6. Аурулардың уақытша еңбекке жарамсыздығын сапалы сараптау;
7. Учаскедегі ересек тұрғындардың арасында диспансеризация 
жұмысын ұйымдастыру, кешенді емдеу-профилактика шараларын 
жүзеге асыру;
8. Учаске тұрғындарының арасында инфекцияларға қарсы егу, де-
гельминтация шараларын ұйымдастыру жəне жүзеге асыру;
9. Инфекциялық ауруларды ерте кезеңнен анықтау, диагнозын 
қойып емдеу. Əрбір инфекциялық ауру оқиғаларын немесе инфек-


133
циясы болуы мүмкін аурулар туралы деректерді терапевтік бөлім 
меңгерушісіне жəне инфекциялық аурулар бөлмесінің дəрігеріне хабар-
лау. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиологиялық 
бөліміне учаскеде анықталған инфекциялық ауру туралы жедел хабар-
нама жіберу;
10. Өзінің дəрігерлік білімі мен біліктілігін жəне учаскелік медици-
на бикесінің білім деңгейін жүйелі түрде арттыру;
11.Учаске тұрғындарының арасында жүйелі жəне белсенді 
медициналық-ағарту жұмыстарын жүргізу, зиянды əдеттерге қарсы 
күресті ұйымдастыру жəне салауатты өмір сүру салтын насихаттау.
Учаскелік терапевтің жұмыс-кестесін терапевттік бөлім 
меңгерушісі бекітеді. Оның жұмыс-кестесінде амбулаторлық қабылдау, 
аурудың шақыруы бойынша үйіне барып медициналық көмек беру
профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру уақыттары нақты етіп 
көрсетіледі. Егер емханалық мекеме аурухананың құрамында бол-
са, онда учаскелік дəрігер емхана мен стационарда кезектесе жұмыс 
атқарады.
Учаскелік дəрігерлердің біліктілігін арттыру үшін жоғары 
медициналық оқу орындарында (университеттер, академиялар, 
біліктілікті арттыру институттары) дипломнан кейінгі білім алу 
факультеттері ашылған, арнайы білім жетілдіру жəне мамандандыры-
лу курстары ұйымдастырылған.
Отбасылық дəрігер мен учаскелік терапевт өз білімін 5 жылда бір 
рет арттырып отыруы қажет.
Амбулаторлық-емханалық мекеме дəрігерлері профилактикалық 
жұмысты диспансерлік əдіспен жүзеге асырады. Бұл əдістің көмегімен 
дəрігерлер денсаулығы дұрыс жəне созылмалы ауруы бар учаске 
тұрғындарын динамикалық бақылауға алып, аурудың басталуының 
алғашқы кезеңінде жəне созылмалы аурудың қозуының бастапқы бел-
гілерінен анықтап, дер кезінде белсенді емдеу шараларын қолданады. 
Осының арқасында қауырт басталған аурулардың созылмалы түрге өтіп 
кетуіне жол бермейді. Сонымен қатар, созылмалы аурулардың одан 
ары асқынып, науқастың мүгедекке айналмауына немесе ерте жастан 
өлімге ұшырамауына арналған шараларды жүзеге асырады. Учаскелік 
дəрігер қызмет көрсететін тұрғындардың тұрмыстық жағдайын, еңбек 
ету ортасының денсаулыққа қауіпті себептерін, отбасындағы қарым-
қатынасты, əр жанұяның қаржылық жағдайын, əдет-ғұрпын, құрамын, 
өмір сүру салтын жақсы біледі. Сондықтан ауруға алып келетін 
қатерлі себептерге қарсы профилактикалық шараларды белсенді жəне 
толыққанды етіп жүргізе алады. Учаскелік дəрігердің аурулардың 
денсаулығын бағалау мақсатында білікті маман-дəрігердің кеңесіне 
жүгінуіне мүмкіндігі бар. Ол əрбір аурудың зерттелу нəтижелерін са-
раптай отырып, емдеу-профилактика шараларының сапалы жоспарын 


134
жасайды. Отбасылық дəрігер учаскедегі эпидемиологиялық жағдайға 
қатаң бақылау орнатады. Қызмет көрсету аумағындағы санитарлық-
гигиеналық ахуалды дұрыс бағалап, инфекциялық аурулардың ту-
ындауына алып келу қаупі бар ошақтарды дер кезінде анықтауға 
толық мүмкіндігі бар. Бұл жұмысты санитарлық-эпидемиологиялық 
станцияның санитарлық дəрігерлерімен тығыз байланыста жүзеге асы-
руы қажет.
Емханаға қаралуға келген учаске тұрғыны бірден тіркеу бөліміне 
(регистратура) келіп, қажетті дəрігердің қабылдауына жазылады. 
Бұл бөлімнің қызметкерлері тұрғындарға сапалы көмек көрсетуге 
дайындалған орта білімді тұлғалардан жасақталады. Ал, бөлім 
меңгерушісі қызметіне орта медициналық білімі бар аса білікті 
тұлға тағайындалады. Бөлім қызметкерлері емханаға қаралуға кел-
ген əрбір тұрғынның сұранысын мұқият тыңдап, оның ауруына сай 
қызмет көрсететін маман-дəрігерге қаралуына барынша жайлы жағдай 
жасауы қажет. Науқастың көңіл-күйін бұзбайтындай етіп қызмет 
көрсету, аурудың қозу барысына көп ықпалын тигізеді. Сондықтан 
тіркеу бөлімінде барынша мəдениетті жəне науқастың көңіліне қаяу 
түсірмейтіндей етіп қызмет көрсетудің маңызы өте үлкен. Жеке 
емханаларда науқастардың қажетті дəрігерге өз бітінше жазылу 
тəжірибесі қалыптасқан. Науқас дəрігердің қабылдау уақытысын 
өзінің сұранысына сай етіп көрсете алады жəне белгіленген мезгілде 
амбулаторлық картасымен дəрігердің қабылдау бөлмесіне келеді. 
Қабылдау барысында дəрігер науқастың денсаулығына баға беріп, 
қажетті лабораториялық-диагностикалық сынақтарды жəне емдік 
шараларды тағайындайды. Арнайы бөлінген тіркеушілер науқасты 
цехтың немесе учаске дəрігерлерінің қабылдауына жазып, еңбекке
жарамсыздық парақтарын толтырады, дəрігерлерді үйіне шақыру 
оқиғасын тіркейді. Амбулаторлық науқастың бірыңғай медициналық 
картасында аурулардың диагнозы мен клиникасы жазылады. 
Тағайындалған зерттеу жəне емдеу шаралары көрсетіледі. Егер ауру 
диспансерлік бақылауға алынса, онда оның жоспары мен емдеу-
профилактика шараларының жобасы жəне оны жүзеге асыру кезеңдері
белгіленеді. Дəрігерлердің қойған диагноздары амбулаторлық картаның
бірінші бетіндегі нақтыланған диагнозды тіркеу парағында, алғаш рет 
немесе қайта қойылған диагноз деген белгілермен жазылып көрсетіледі. 
Осының арқасында дəрігер науқастың ауырған кеселдерімен тез таны-
сып, қай бағытта тексеру қажеттігін анықтай алады. Тіркеу бөлімінің
жанында емхананың қызмет көрсету аумағының картасы, дəрігерлік 
учаскелер межесі, дəрігерлерлік бөлмелер мен қызмет көрсететін 
мамандардың тізімі жəне дəрігердің қабылдау уақтысы жазылған 
тақталар ілулі тұрады.


135
Үйде көрсетілетін медициналық көмек емханалық мекеме 
ұйымдастыратын негізгі медициналық көмектердің бірі болып табыла-
ды. Бұл көмекті таңғы сағат 9
00
-ден 19
00
-ге дейін емхананың учаскелік 
немесе отбасылық дəрігерлері, ал қажетті жағдайда білікті мамандары 
беруі тиіс. Тəуліктің өзге уақыттарында жедел жəне кезек күттірмейтін 
медициналық қызмет дəрігерлері көрсетеді. Дəрігерлерді аурудың үйіне 
шақырылуын тіркеу барысында науқастың хал-ахуалы анықталып, 
қажетті жағдайда жедел кезекші дəрігерлер жөнелтіледі. Аурудың 
халі өте нашар болса, жедел медициналық көмек шақырылып, науқас 
ауруханаға жеткізіледі.
Күндізгі жұмыс уақтысында қалалық емханаға аурулар мен əртүрлі 
мəселелер бойынша дəрігерлерге қаралушылар келеді. Мысалы, 50 000 
адамға қызмет көрсететін емханаға күнделікті 1500 адам қаралады. 
Адамдардың легін дұрыс жіктеп, керекті дəрігерлерге бағыттау 
емханаға келген аурулар мен қаралушыларға медициналық көмекті 
дұрыс ұйымдастырудың кепілі болып табылады. Емханаға келушілердің 
жыл мезгіліне қарай жіктелуін зерттегенде, оның ең жоғары деңгейі 
көктемде қалыптасатындығын жəне жыл бойы келушілердің 30,5% 
құрайтындығын көрсетті. Осы мезгілде суықтап ауырғандар мен 
тағайындалған профилактикалық шаралар саны барынша жоғары бо-
лып шықты. Осыдан кейін, емханаға қаралушылар санының жоғары 
деңгейі күзде тіркелді жəне жыл бойы емханаға келушілер санының 
27,2% құрады. Қыс мезгілінде емханаға қаралушылар саны – 24,4% 
түзесе, жаз мезгілінде – 17,9% ғана болып шықты. 
Екінші бір маңызды заңдылық апта ішіндегі күндерде емханаға 
қаралу санының қалыптасуында байқалады (21-кесте).
Жыл мезгілдерінің барлық кезеңдерінде дүйсенбі күніне емханаға 
қаралудың ең жоғарғы саны тура келетін болып шықты.
Оның деңгейі апта бойы қаралудың жалпы санының 17,7% -нан 
21,2% -на дейін жетеді.
Бұл күннің ең қауырт кезеңі күз (21,2%) жəне көктем айында 
(20,9%) байқалады. Ал дүйсенбі күннің емханаға ең аз қаралатын 
кезеңі жаз айында (17,7%) анықталып отыр (8-сурет).
 
Сейсенбі күнгі 
емханаға қаралу саны айтарлықтай төмендеп (17,2%), сəрсенбі күні 
біршама артады (17,6%). Ал бейсенбіден бастап (16,9%) сенбі күніне 
дейін (11,4%) емханаға қаралу легі біртіндеп азая береді. Жексенбі 
күні кезекші дəрігерге қаралу саны жалпы апталық емханаға қаралу 
санының 0,4%-ын ғана құрайды. Айта кететін жағдай, қалалық 
емханалардың жұмысын 6 күндік етіп ұйымдастыру өте тиімді жəне 
емдеу-диагностика шараларын сапалы ұйымдастыруға жақсы жағдай 
туғызатын болып шықты.


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет