241
санитарлық талаптар мен ережелерді қатаң сақтаудан басталатындығы
қоғамға түсінікті болды.
Гиппократ (біздің эрамызға дейінгі 460-377 жылдары) өз
еңбектерінде аурудың пайда болуында табиғи жағдай мен өмір сүру
салтының алатын орнын көрсетті. Оның алдын алу үшін гигиеналық
ережелерді қатаң сақтаудың бірінші қойылатын талап екендігін атап
өткен. Оның «Салауатты өмір салты туралы» трактатында денсаулықты
сақтау үшін тамақтануды дұрыс жолға қою керектігі айтылған.
Гиппократтың атақты «Ауа, су, жəне жерлер туралы» де-
ген кітабында қоршаған ортаның осы себептерінің денсаулықтың
қалыптасуына тигізетін əсері жан-жақты талқыланған. Осы себептер
мен өмір сүру салтын əрбір дəрігер күнделікті тəжірибесінде, əсіресе
профилактикалық жұмыстарында есепке алуы қажет деп көрсеткен.
Өмір сүру салтын қалыптастыруда гигиеналық ережелердің алатын
орны туралы көзқарас осы күнге дейін өзгерген жоқ.
Республика тұрғындарының денсаулығын
қорғаудағы консти-
тутциялық құқығын қамтамасыз етуде жəне өмір сүруіне жайлы
қоршаған орта қалыптастыруда
санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтің атқаратын жұмысы өте үлкен. Бұл саланың қызметі
халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйекте қабылданған №193
Кодексінің 6 бөліміндегі осы мəселелерді шешуге бағытталған баптар
бойынша реттеледі.
Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
төмендегідей жолдармен жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:
Аурулардың профилактикасы санитарлық-эпидемиологиялық
•
жағдайға жəне
оның болжамды өзгерісіне қарай;
Санитарлық-эпидемиологиялық жəне профилактикалық
•
шаралардың орындалуын жəне азаматтардың, жеке
кəсіпкерлердің, құқықтық тұлғалардың санитарлық тəртіпті
өз жұмыстарының бір бөлігі ретінде міндетті түрде сақтауын
қадағалау;
Азаматтардың, жеке кəсіпкерлердің жəне құқықтық тұлғалар-
•
дың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық туралы Ре-
спублика заңын сақтауға экономикалық қызығушылығын туды-
ру;
Денсаулыққа қауіп тудыратын өнімдер,
жұмыстар мен
•
қызметтерді сертификациялау;
Денсаулыққа қауіп тудыратын жұмыстарды лицензиялау;
•
əлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу;
•
салауатты өмір сүру салтын насихаттау жəне гигиеналық тəрбие
•
беруге бағытталған шаралар;
денсаулыққа қауіпті химиялық жəне биологиялық, радиоактив-
•
тік заттарды, өндіріс жəне тұрмыстық қалдықтарды мемлекеттік
тіркеуге алу;
16–7438
242
тұрғындарға инфекциялық аурулардың пайда болғандығы,
•
бейэпидемиялық
патологиялардың көптеп таралуы, қоршаған
ортаның қауіпті ластануы, санитарлық-эпидемиологиялық
жəне профилактикалық шараларды өткізу туралы дер кезінде
хабарлау;
Осы шаралардың барлығы да мемлекеттік сипатта жүзеге асыры-
лады жəне олардың барлығы бір мақсаттың айналасына тұрғындардың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету
мақсатының айналасына топтастырылады. Сондықтан салауатты
өмір сүру салтын қалыптастыруда санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтің атқаратын жұмысы аса маңызды деп қарастыру қажет. Бұл
қызметтің жүргізетін шаралары негізінен аурулардың алдын алу ісіне
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: