Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық



Pdf көрінісі
бет83/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

8.3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық 
қадағалаудың ұйымдастырылу құрылымы, қызметі 
мен міндеттері. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің 
негізгі даму бағыттары
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігіне 20 жылдан астам уақыт 
болды. Осы жылдар аралығында санитарлық-эпидемиологиялық 
қызметте айтарлық маңызды өзгерістер орын алды. 1994 жылдың 
8 шілдесінде қабылданған «Республика тұрғындарының санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы» атты заңы бойынша Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық 
қызметі бірыңғай орталықтандырылған органдар мен мекемелер 
жүйесі болып табылатын.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өз жұмысын 
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылдың 25 
сəуіріндегі № 547 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі туралы» 
жағдаятқа сүйене отырып жүзеге асырады.
2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 
«Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы ту-
ралы» заңына сəйкес бұл қызмет Мемлекеттік қызмет деп таныл-
ды. Санитарлық-эпидемиологиялық станция екі дербес құқықтық 
тұлғаға жіктелді. Олар тексеру-қадағалау қызметімен айналысатын 
Мемлекеттік санитарлық қадағалау органы жəне лобараториялық зерт-
теулермен айналысатын санитарлық сараптау орталығы деп аталады. 
Бұл қайталай құрудың мақсаты, Республиканың санитарлық-
эпидемиологиялық қызметін Қазақстан Республикасы «Əкімшілік 
істер туралы» Заңындағы қалыптарға сəйкестендіру болатын. Бұл заңда 
тексеру-қадағалау қызметімен тек оған өкілеттілігі бар мемлекеттік ор-
ган айналыса алады деп көрсетілген.


243
Мемлекет басшысының 2002 жылды «Денсаулық жылы» деп 
жариялануына байланысты профилактикалық шаралар белсенді 
жүзеге асырылды. Осы шараларды ұйымдастырушы денсаулық сақтау 
жүйесінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі Мемлекеттік Коми-
тет болып қайта құрылды. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 10 қаңтарында 
қабылдаған «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі-
нің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті-
нің сұрақтары» атты №21 қаулысында осы қызметті ұйымдастыру 
жөніндегі маңызды шешімдер қарастырылған. Олардың ішінде:
– Денсаулық сақтау Министрлігінің «Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау Комитеті туралы» жағдаят бекітілді;
– Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 
Мемлекеттік санимтарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің 
құрамына кіретін ұйымдардың тізімі анықталды;
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 13 
қыркүйектегі № 1438 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы 
денсаулық сақтау жүйесін 2005-2010 жылдарда оңтайлау жəне дамыту» 
атты Мемлекеттік бағдарламасында санитарлық-эпидемиологиялық 
қызметтің лабораториясын жаңарту шаралары қарастырылды.
2005 жылы Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция-
сында жəне Қазақтың карантиндік жəне зооноздық инфекциялардың 
М. Айқымбаев атындағы ғылыми орталығында бактериялар, виру-
стар инфекциясы мен аса қатерлі инфекцияларды диагностикалауға 
арналған 2 референс-лабораториясы ашылды. Бұл лабораториялар аса 
қатерлі инфекцияларды, құс грипін, атипиялық пневномия инфекция-
ларын дер кезінде диагностикалауға жол ашты.
2006 жылы 14 облыстың санитарлық-эпидемиологиялық сараптау 
орталықтарында жаңа лабораториялық қондырғылармен жабдықтау 
шаралары жүзеге асырылса, ал 2007 жылы осындай шаралар 36 
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарында 
орын алды. 
2007-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мен Аста-
на қаласында, сонымен қатар Республикалық санитарлық-эпиде-
миологиялық станциясында азық-түліктік заттар құрамындағы 
генетикалық модификацияланған нысандарды сандық жəне сапалық 
тұрғыда анықтайтын лабораториялар ұйымдастырылып, заманауи 
қондырғылармен жабдықталды.
2009-2010 жылдары барлық облыстар мен аудандардағы санитар-
лық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарының лаборатория-
лары заманауи қондырғылармен жабдықталды жəне осы мақсатқа 
мемлекеттік бюджеттен 5 миллиард 661 миллион 210 мың теңгедей 
қаржы бөлінді.
Осы оңтайландыру шараларының арқасында Қазақстан 
Республикасының қоршаған ортасының тұрғындар арасында ауру 


244
туындататын барлық себептері дер кезінде анықталып, белсенді 
профилактикалық шаралар уақтылы жүзеге асырылып отырады. 
Соңғы жылдары барлық облыстардың, Алматы мен Астана қаласының 
санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтары мемлекеттік 
қазыналық өнеркəсіп ретінде қайта құрылды. Əкімшілік оңтайлау ая-
сында:
– Санитарлық-эпидемиологиялық жүйені басқаруда вертикалды 
құрылым анықталды.
– Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы 
саласындағы қызметті басқару жергілікті атқарушы органдар-
дан алынып, денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетіне қайта жүктелді. 
– «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару 
туралы» Республика заңында тұрғындардың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету өкілеттілігі 
облыстық əкімшіліктің құзырынан алынып тасталды.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Реестріне жеке ны-
сандарды сақтауға жəне пайдалануға қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарды бекітетін денсаулық 
сақтау Министрінің 17 бұйрығы тіркелді. Санитарлық-
эпидемиологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етуге 
арналған 01.01.09 жылғы нормативтік база 250 жаңа құжаттармен 
толықтырылды.
Сонымен Республика азаматтарының санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық, 
нормативтік, құрылымдық, материалдық-техникалық, мамандар база-
сы толығынан шешілген деп айтуға болады.
Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын 
қамтамасыз етудегі басым бағыттар анықталған, оларға жататындар:
1. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту;
2. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық бақуаттылығын 
қамтамасыз ету жəне өмір сүруіне жайлы жағдай жасау;
3. Тұрғындардың салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге жағдай 
жасау жəне оны тұрғындар арасында насихаттау;
4. Тұрғындар арасындағы салауатты өмір сүру мəселелерін зерттеу 
жəне қалыптастыру;
5. Тамақтану ережесін денсаулыққа барынша жайлы қалып-
тастыру;
6. Алкоголизмге, темекі тартуға, наркоманияға қарсы күрес;
Республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің даму 
бағыттары жəне оны жүзеге асыру механизмдері белгіленген. Оны 4 
кезеңде жүзеге асырылу жоспарланды. 
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамытудың І, ІІ 
кезеңдері 2010-2012 жəне 2012-2014 жүзеге асырылады. Бұл жылда-


245
ры санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру үшін 
мынадай шаралар жүзеге асырылады:
– Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық cалауаттылығын 
қамтамасыз ету аясында стратегиялық жоспарлаудың үш жылдық 
жүйесін жетілдіру жəне оның жұмысын қол жеткізген нəтижелер 
бойынша бағалау;
– Санитарлық-эпидемиологиялық Ұйымдар мен органдарына тəн 
емес қызметтерден арылу;
– Орталық əкімшілік органдар мен тексеру жəне қадағалау органда-
рымен бірге қоян қолтық атқаратын жұмыстардың үйлестірілуін 
күшейту;
– Бақылауға жататын нысандарды тексеру барысында халықара-
лық стандартты қолдануға көшу жəне олардың қауіптілігін 
бағалау;
– 
Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында 
қолданылатын нормативтік-құқықтық негіздерді халықаралық 
стандарттармен байланыстыруды аяқтау;
– Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарын даярлау 
жəне білімдерін жетілдіру Республика жоғары медициналық оқу 
орындарында медициналық-профилактикалық «іс мамандығы»
бойынша жүзеге асыруды қайта жаңғырту;
– Тұрғындарды иммунопрофилактикамен қамтудың ауқымын 
кеңейту, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен 
енгізілген Ұлттық егу күнтізбесін одан ары жетілдіру;
– Тұрғындарды таза қауіпсіз сумен қамтамасыз етудің ауқымын 
кеңейту;
– Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті 
профилактикалық шараларды қамтамасыз ету;
– Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лабораторияларын 
модернизациялауды аяқтау;
– Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы лаборато-
рияларын аккредитациялау жəне лабораториялық зерттеулердің 
халықаралық стандарттарына көшу;
– Республикамыздың Дүниежүзілік сауда Ұйымына кіруіне бай-
ланысты болашақты ел аумағына əкелінетін азық-түліктің 
қауіпсіздігін қадағалаудың заманауи деңгейін қамтамасыз ету;
– Шекарада санитарлық-карантиндік қадағалауды жетілдіру жəне 
үйлестіру шаралары бар
ІІІ кезеңдегі (2015-2017 жылдар аралығы) санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылықты дамыту шаралары:
– Денсаулыққа əсерін тигізетін қоршаған орта нысандарын мони-
торлау көрсеткіштерінің халықаралық стандарттарға сай болуын 
қамтамасыз ету;
– Қоршаған орта мен өмір сүру жағдайына байланысты 
тұрғындардың денсаулығына түсетін қауіпті бағалау көрсеткішін 
тəжірибеге ендіру;


246
– Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын 
қамтамасыз ету саласында кең ауқымды қолданбалы ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;
– Қауіпті жəне зиянды өндіріс орындарында еңбек атқаратын 
жұмысшыларды міндетті диспансеризациялауды ендіру 
тұрғындар денсаулығының қауіпсіздігіне арналған сұрақтар бо-
йынша, техникалық реттеу саласының нормативтік құжаттар ба-
засын құрастыру жұмыстарын түпкілікті аяқтау ІV (2018-2020 
жылдары);
Қоршаған орта мен өмір сүру жағдайының денсаулыққа туғызатын 
қатерлерін төмендетуге бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық 
қадағалау əдістерін ендіру жəне күнделікті тəжірибеде қолдану арқылы 
бейэпидемиялық аурулардың таралу деңгейін төмендету сияқты 
маңызды шаралардан тұрады.
Айта кететін ең маңызды мəселелердің бірі осы кезеңдерде са-
лауатты өмір сүру салтын қалыптастыру механизмдерін одан ары 
жетілдіру жəне оны насихаттау жұмыстарын күшейту жолдары да 
қарастырылған.
Оның бірінші кезеңі (2010-2011 жылдары) салауатты өмір сүру сал-
тын қалыптастыруды одан ары дамытуға денсаулық сақтау жүйесінің 
барлық ұйымдарын, əртүрлі министрліктерді, халықаралық ұйымдарды 
(Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жəне т.б.), жалпыға ақпарат 
тарату жүйелерін тарту жəне осы бағыттағы санитарлық-ағарту жəне 
түсіндіру жұмыстарын күшейту мəселелеріне арналады.
ІІ кезең (2012-2014 жылдары) тұрғындар денсаулығын күшейту 
мақсатында дене тəрбиесі мен спорттық ойындарды жандандыруға 
арналған. Мектептерде міндетті түрде 10-15 минуттық таңертеңгілік 
гимнастиканы ұйымдастыру. Мектеп қабырғасындағы дене тəрбиесі 
сабақтары балалар мен жасөспірімдердің жасы мен денсаулығына ар-
нап жасалған қатаң нормативтер бойынша жүргізілуі тиіс.
ІІІ кезеңде (2015-2017 жылдары) орта жəне жоғары білім беру 
ұйымдарында өткізілетін дене тəрбиесі сабақтарының сапасын арттыру, 
оқушыларды денсаулық топтарына сай дене тəрбиесі жаттығуларына 
тарту жұмыстары қолға алынады.
Осы шараларды жүзеге асыруға қажетті барынша жабдықталған 
спорт залдары, спорт алаңдары салынуы тиіс. Сонымен қатар, дене 
тəрбиесі саласының оқытушылары мен жаттықтырушыларының 
жоғары біліктілігі мен білімді болуы қадағаланады. 
Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыға əртүрлі спорт секция-
ларын ашып, жастардың өздері таңдаған спортымен айналысуына 
жағдай жасалады. Жастардың арасында жеке бастың гигиенасын сақтау 
мəселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейтіледі.
ІV кезеңде (2018-2020 жылдары) сақтандыру компанияларын 


247
салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру жұмыстарына тартып, 
тұрғындардың денсаулығын одан ары күшейтуге жол ашылады. 
Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызды бір 
механизмі «Салауатты тамақтану» бағдарламасын одан ары дамыту 
болып табылады.
Дұрыс тамақтану балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өсуіне жəне 
маңызды органдар мен жүйелер қызметінің қалыпты дамуына жағдай 
туғызады. Организмнің қоршаған орта мен өмір сүру жағдайының 
денсаулыққа зиянды себептеріне қарсы тұрақтылығын арттырады.
Салауатты тамақтануды қалыптастыру мəселелері бойынша барлық 
жауапты қоғамдық Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың біріге 
жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. 
Бірінші кезеңде (2010-2011 жылдары) тағамдық заттарды өндіру 
жəне сату саласының нормативтік базасын жетілдіру жұмыстары жүзе-
ге асырылды. Отандық азық-түлік өндірушілердің сапалы тағамдық 
заттарды, олардың витаминдер мен макро жəне микронутриенттермен
тағамдық талшықтармен қанық болуын қамтамасыз етілуіне барынша 
экономикалық жағдай жасау жұмыстары қолға алынады.
Мектепке дейінгі жəне мектеп мекемелерінде дұрыс тамақтану 
жөніндегі оқу бағдарламаларын дамыту қолға алынады. Оның 
негізгі мақсаты оқушылар арасында салауатты тамақтану əдеттерін 
қалыптастыру болып табылады. 
«Салауатты тамақтану» бағдарламасын одан ары дамытудың 
ІІІ кезеңінде (2015-2017 жылдары) мектепке дейінгі жəне мектеп 
мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің тамақтану сапасына 
ұдайы мониторлау жүйесі ендіріледі. Əсіресе, тамақтану ережесі мен 
ұйымдастыру ерекшеліктеріне, тағамдық заттардың сапасына, оның 
құрамы мен көлеміне бақылау орнатылады. Сонымен қатар балалар 
мен жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық даму үдерістері 
қатаң бақылауға алынады. 
Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мəселесін шешу 
жолының бірі тұрғындардың арасында зиянды əдеттердің, оның ішінде 
алкоголизмнің, ішімдікке салынудың, темекі тарту мен наркоманияның 
таралуына қарсы күресті жандандыру болып табылады. 
Осы мəселелерді шешудің I кезеңінде (2010-2012 жылда-
ры) алкогольдік ішімдіктерді сату азық-түлік дүкендерінің, кафе, 
ресторандардың арнайы ұйымдастырылған бөлімдерінде жүзеге 
асырылуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Алкогольдік 
ішімдіктерді кешке жəне түнгі мезгілдерде сату барынша шектеледі.
ІІ кезеңде (2012-2014 жылдары) жасы 21 толмаған азаматтарға 
алкогольдік ішімдіктерді сату рухсат етілмейді.
ІІІ кезеңде (2015-2017 жылдары) алкогольдік ішімдіктерге, 
темекіге жəне наркотикалық заттарға тəуелді тұлғаларға əлеуметтік-
медициналық кеңес беру шаралары қолға алынады. Осындай 


248
тұлғалар үшін емханаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында 
ішімдіктерден жəне темекіден арылу курстары ұйымдастырылады. 
Алкогольдік ішімдіктерді жəне темекіні қолдану ауқымы динамикалық 
бақылауға (мониторинг) алынады. 
Осы шараларды одан ары дамытудың ІV кезеңінде (2018-2020 жыл-
дары) алкогольдік ішімдіктерге жəне темекіге қойылатын салықтың 
көлемі жоғарылатады. Ал салықтан түскен табыстың бір бөлігі салауат-
ты өмір сүру салтын насихаттауға, темекіге жəне алкогольдік ішімдікке 
қарсы санитарлық ағарту жұмысын жандандыруға бағытталады.
Салауатты өмір сүру салтын насихаттау шараларының қатарында 
таза сумен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны өндірістік қалдықтармен 
ластаушылармен күрес мəселелері де жоспарлы түрде жүзеге асыру 
қарастырылған.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы сала-
сындағы қызмет жəне қоғамдық денсаулықты сақтау жұмыстарының 
құқықтық негіздері «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі 
туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі 
№ 193 – ІV Кодексінің 6 бөлімінде қарастырылған жəне оны шешуді 
қамтамасыз ететін өкілетті органдардың жауапкершіліктері жан-жақты 
ашып көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет