Дәрістің мақсаты: Тамақ өнімдерін микронутриенттермен байыту теориялық принциптерімен танысу.
Түйінді сөздер: микронутриенттер, дәрумендер, микроэлементтер
Дәріс жоспары: 1. Тамақ өнімдеріне дәрумен қосу.
2. Тамақ өнімдерін байытуға арналған В тобының витаминдері.
1. Тамақ өнімдеріне дәрумен қосу. Дәрумендер мен микроэлементтермен ұнды байыту.
Теміртапшылықты анемия (ТТА) - организмде темірдің болмауына байланысты гемоглобин мен эритроциттер мөлшерінің азаюымен сипатталатын патологиялық жағдай. Гемоглобины төменделген адамдар сылбырлық, әлсіздік, тез шаршау, бас айналуы, сонымен қатар бозғылт және құрғақ тері сезінуі мүмкін, яғни организм жай ғана жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілмейді.
Ересектер теміртапшылығының салдары:
- жүктілік және босану кезіндегі өлімнің 4% анемиямен байланысты;
- анемиясы бар әйелдер 30-40% -ға көп, салмағы төмен балаларды дүниеге әкеледі;
- барлық органдар мен жүйелер функцияларының бұзылуы: жүрек- қан тамырлары, иммундық, эндокриндік, жүйке және т.б .;
- шала туған, өздігінен болатын түсік және өлі туушылығының, сонымен қатар нәрестенің туа біткен кемістігінің көтеріңкі тәуекелдері;
- созылмалы жұқпалы аурулардың, соның ішінде туберкулездің созылмалы және ауыр созылуына бейімділік;
- дене күші мен төзімділіктің 20-30% -ға және нәтижесінде жұмысқа қабілеттілігінің 17% -ға төмендеуі.
Балалар теміртапшылығының салдары:
- физикалық (психомоторлық) дамудан артта қалу;
- әлсіреген иммунитет, инфекциялар және зиянды экологиялық факторларға төмен тұрақтылығы.
Гемоглобин деңгейін қан анализін тапсыру арқылы анықтауға болады. Әйел адамдар үшін норма 120 г/л, ер адамдар үшін - 130 г/л және одан жоғары, бірінші жастағы балалар мен жүкті әйелдерге - 110 г/л.
Кез-келген ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ. Анемияны болдырмау негізіне, бірінші кезекте, дұрыс тамақтану принциптері салынған. Адамның күнделікті тамақтануында кем дегенде 20 мг темірі болуы керек, ал жүкті әйелдер үшін бұл көрсеткіш 30 мг болуы керек. Ай сайын әйелдер, ерлерге қарағанда, екі есе көп темірді жоғалтқанын және әсіресе оларға бұл элементті толтыру туралы есте сақтау керек екенін атап өткен жөн. Өмірдің алғашқы айларындағы, кем дегенде, өмірдің алғашқы 4-5 айларында, барлық балаларда ТТА-ның табиғи алдын-алуы емшек сүтін сақтауы мен жалғастыруы болып табылады, өйткені темірді ана сүтінен сіңіру дәрежесі орта есеппен шамамен 50% құрайды. Астық, бұршақ және жармаларда темір мен мыстың маңызды мөлшерлері бар.
Қазір дүкендерде әр талғам үшін, нан өнімдерінің үлкен таңдауы бар. Дегенмен, көптеген адамдар осы ұн өнімінен бас тарта бастады, өйткені олар ол артық салмақ жинағына жағдай жасайды деп есептейді.
Мүмкін, бұдан артығырақ әмбебап өнім табу қиын. Нанда организмге қажетті көптеген денсаулықты жақсартатын заттар бар. Онда В тобы дәруменінің барлық жиынтығы, A, K және E тобының дәрумендері, натрий, хлор, мырыш, селен, мыс, кобальт, магний, кремний, калий, марганец, йод бар. Наннан толық бас тарту депрессия, ашулаңшақтық, шаршау және өзіне-өзі наразы болушылықты тудыруы мүмкін, өйикені астық өнім- біздің жүйке жүйемізді реттейтін және стресстен қорғауды қамтамасыз ететін B дәруменінің басты көзінің бірі болып табылады.
Табиғи жағдайында бидай В1 (тиамин), B2 (рибофлавин), B6 (пиридоксин), Е, ниацин, темір және мырыш дәрумендерінің жақсы көзі болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, бұл қоректік заттардың көп бөлігі бидай дәнінің сыртқы қабықтарында жиналғандықтан, олардың басым бөлігі ұн тарту процесінде жоғалады. Фортификация - бұл ұсақтау кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералдардың қосылуы болып саналды, бұл өнімдердің сапасы мен азық құндылығын арттырады.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде 160-бабының 2-тармағында темірдің тапшылығын болдырмау жөніндегі шаралар айқындалады: ҚР аумағында өткізілетін бірінші және жоғары сұрыптағы бидай ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа заттармен міндетті түрде байытуға (фортификациялануға) жатады.
Теміртапшылық анемиясын болдырмау үшін дәрумен қосылған мен байытылған тағам өнімдерін тұтыну қажет. Мұндай өнімдерге ұн, макарон және нан өнімдері, сүт және қышқыл сүт өнімдері, қант, тұз, сусындар, балалар тағамдары жатады. Қазіргі уақытта олар тек алмастырылмайтын микронутриенттермен ғана емес, басқа компоненттерімен де байытылады: тағамдық талшықтар, табиғи туындылардың биологиялық белсенді қосылыстары, тірі сүт қышқылдары бактерияларының пайдалы түрлері.
Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі аумақтық басқармалар базасында ұсақтағыш аспаптарда ұн фортификациясын енгізу қатжеттілігі туралы ұн тартатын кәсіпорындар басшыларымен семинарлар өткізді.
Байытылған ұн мен нанның пайдалылығы туралы халықпен тұрақты негізде санитариялық-ағарту жұмыстары өткізіледі.