237
лады. Басқаша айтқанда, қоғамдық денсаулықты қолдауға, күшейтуге
жəне сақтауға бағытталған іс-қимылдар да салауатты өмір сүру
себептеріне жатады.
Салауатты өмір сүру салты деген ұғымға бір жағынан оңды əдет-
терді қалыптастыру, екінші жағынан денсаулыққа қауіпті əсер ететін
себептерді жеңу жатады. Осыған байланысты, тұрғындарға гигиеналық
тəрбие беру жұмысы, олардың өмір сүру салтындағы денсаулыққа
қауіпті əдеттерден арылтуға жəне денсаулыққа пайдалы əсер ететін
əдеттерді күшейтуге бағытталуы тиіс. Салауатты өмір сүру салтын
қалыптастыру денсаулықтың профилактикалық бағдарламасының
жəне денсаулықты қорғау мен күшейту стратегиясының негізі болуы
қажет.
Жер бетіндегі бірде-бір адам ауру болғысы келмейді. Алайда
денсаулықты таусылмас байлық деп ойлайды. Денсаулықтың мықты
болуының негізгі шарты салауатты өмір сүру салты болып табылады.
Салауатты өмір салты – бұл адамгершілікке, ұтымды
ұйымдастырылған еңбекке, белсенді дене шынықтыруға жəне қоршаған
ортаның денсаулыққа жайсыз əсер
ететін себептерінен сақтауға,
қартайған ға дейін адамның рухани, психикалық жəне физикалық
қуатын сақтауға жағдай жасайтын өмір сүру əдеттері болып табыла-
ды.
Салауатты өмір сүру салтының негізгі шарттарына жемісті еңбек,
үйлесімді еңбек ету жəне демалу тəртібі, жайлы қозғалыс ережесі,
шынықтыру, үйлесімді тамақтану, зиянды əрекеттерден арылу сияқты
өмір сүрудің маңызды элементтері жатады.
Жемісті еңбек – салауатты өмір сүрудің негізі жəне өзегі бо-
лып табылады. Еңбектің организмді тоздыратынды жəне
адамды тез
қартайтатындығы туралы, адамның күш қуатынан айыратындығы ту-
ралы пікірлер жиі айтылады.
Алайда, физикалық жəне саналы еңбек, жүрек, қан тамыры, сүйек-
бұлшық ет жүйелерінің жұмысына, жалпы организмнің қызметіне
жайлы əсерін тигізеді. Еңбек барысындағы ұдайы шынығу денеміздің
қуатын арттырады. Өмір сүру барысында кім көп жəне жақсы жұмыс
істесе, ол ұзақ өмір сүреді. Керісінше,
жұмыссыздық бұлшық еттердің
босаңсуына, зат алмасудың бұзылуына, дененің май басуына жəне ерте
қартаюына алып келеді.
Ой еңбегі мен физикалық еңбекті атқару барысында адамның күшін
дұрыс жəне саналы түрде жұмсау қажет. Адамның қажуына еңбек
кінəлі емес, еңбек ережесінің дұрыс еместігі кінəлі.
Күн тəртібін төмендегідей етіп сақтау аса маңызды. Ұйқыдан тұру
жəне ұйқыға жату уақтысын күнделікті бір мезгілде қатаң сақтау,
ұдайы таңертеңгілік гимнастикамен айналысу, белгіленген уақытта
тамақтану, ой еңбегі мен физикалық еңбекті кезектестіріп отыру,
жеке бастың гигиенасын сақтау, дененің,
аяқ киімнің, сырт жəне іш
238
киімдердің тазалығын қадағалау, жақсы желденетін бөлмеде жұмыс
істеу жəне ұйықтау. Күн тəртібін дұрыс жəне қатаң сақтау организмнің
қажетті қызмет ету тəртібін қалыптастыруға көмектеседі. Еңбек ету
қабілеті артып, еңбек өнімділігі жоғарылайды.
Сырқаттану себептерін зерттеу, көптеген аурулардың туындауына
əртүрлі өмір сүру ережелерін бұзу алып келетіндігін көрсетті. Тамақты
ретсіз қабылдау асқазан-ішек ауруларының туындауына себеп болады.
Əртүрлі уақытта ұйқыға жату – ұйқысыздыққа жəне жүйкенің тозуына,
ал жұмысты жоспарсыз атқару еңбек ету қабілетінің төмендеуіне алып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: