Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет62/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

9-сурет. Стратегиялық жоспарлау моделі
Жұмыс істеу жағдайын бағалау.


196
Стратегиялық жоспардың соңғы кезеңі нəтижені бағалаумен 
аяқталады. Бұл үдерісті жүзеге асыру əдістемелері белгілі жəне ба-
рынша тексеруден өткен механизмдерге сүйенуі қажет. Басшы əкім не-
месе бас дəрігер стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы 
мəліметтерді тоқтаусыз алып тұруы қажет. Бұл мəліметтерді алудың 
мақсаты тек жеткен жетістіктерді көрсету емес, сонымен қатар жолай 
туындаған қиыншылықтар мен кедергілерді дер кезінде анықтап, оны 
шешуді жеңілдету болып табылады.
Жүзеге асыру
Кім, не, қашан, қалай?
Қимылдар жоспары
Іске асыруға 
мүмкіндігі бар
Санын есептеуге 
болады
Нəтижені бағалау
Қызмет жасау 
бағыты (əдепкіде 
3-5 жыл)
Негізгі 
басымдылық
Стратегиялық мақсаттар
Күш салатын
нысандар


197
5.4. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру
Денсаулық сақтау жүйесі əр мемлекеттің маңызды əлеуметтік сала-
сы болып табылады. Бұл саланы қаржыландыру арнайы заңдар бойын-
ша реттеледі жəне қоғамның сұранысы мен мемлекеттің экономикалық 
ахуалына қарай жүзеге асырылады. Кез келген мемлекеттің денсаулық 
сақтау саласына жұмсалатын қаржысы жалпы ұлттық табыстың 3-15%
құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптаушы 
мамандарының пайымдауынша, денсаулық сақтау саласының негізгі 
өзекті мəселелерін шешу үшін қоғамның ішкі табысының 6 % жұмсау 
қажет. Ал тұрғындардың жоғары сапалы жəне білікті медициналық 
көмекке сұранысын қамтамасыз ету үшін бұл көрсеткішті 12 %-ға дейін 
көтеру керек. Алайда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қыруар 
қаржы бұл жүйенің өзекті мəселелерін автоматты түрде шеше алмай-
ды. Экономикасы дамыған, мемлекеттік (сақтандыру жəне бюджеттік) 
жүйеде ұйымдастырылған денсаулық сақтау саласы қалыптасқан Ев-
ропа жəне Америка Құрама Штаттары тұрғындардың денсаулығын 
қорғауда таң қаларлық табыстарға қол жеткізді. Олар жыл сайын 
денсаулық сақтау саласына ұлттық табыс көзінің 6-8% жұмсайды. 
Бірақ Мемлекеттің бөлген қаржысын денсаулық сақтау жүйесін 
дамытуға ұтымды пайдаланған елдердің тұрғындары сапалы жəне аса 
білікті медициналық көмекке қол жеткізіп отыр. 1990 жылдан бері 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттің 
қаржыландыруымен жұмыс істеуде.
1996 жылы құрылған міндетті медициналық сақтандыру қоры 1998 
жылға дейін сақтандыру жарнамаларын жинады. Алайда 1999 жыл-
дан бері Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі ескі қаржыландыру 
тəртібіне қайта көшті.
Сонымен, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мемлекеттік 
бюджеттен жəне ақылы медициналық көмектің есебінен жүзеге асы-
рыла бастады.
1996 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын екі жақты 
қаржыландыру жүйесі ендірілді. Мемлекеттік бюджеттен кезек 
күттірмейтін медициналық көмек, жоғары білікті медициналық қызмет 
көрсету (мысалы, онкологиялық ауруларды емдеу) жəне қоғамдық 
денсаулық қаржыландырылады.1998 жылғы ресми статистикаға 
қарағанда, денсаулық сақтау саласына түскен қаржының жартысы 
мемлекеттік бюджеттен бөлінген болып шықты.
Денсаулық сақтау саласының емханалық көмегіне, стационарлық 
емдеуге жəне дəрілік заттарға жұмсалатын шығынын міндетті 
медициналық сақтандыру қорынан бөлінетін қаржы көзі жабуы тиіс 
болатын. Қазіргі жүргізіліп отырған қайта құру жұмысы екі түрлі 
бағытта қаржыландыру жүйесін сақтап қалуы тиіс. Коммерциялық 
емес мемлекеттік медицина мекемелері мемлекеттік бюджеттен, ал 


198
коммерциялық мекемелер – медициналық қызметті төлеу орталығымен 
жасалған келісім шарт негізінде қаржыландырылады. Денсаулық 
сақтау саласын қаржыландырудың қосымша көзі ретінде облыстық 
басқару органдарының табысы қарастырылады.
Жер беті мемлекеттерінде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 
мақсатында оның əртүрлі көздері қарастырылуда. Оның даму бағыты 
мемлекеттердің экономикалық жағдайына тікелей байланысты. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары денсаулық 
сақтау саласын қаржыландыру əдісі мен көлеміне қарай мемлекеттерді 
үш топқа жіктейді.
1. Табысы төмен елдер. Олардың денсаулық сақтау саласына бөлетін 
қаржысы 1 жан басына балап есептегенде 80 АҚШ долларынан төмен. 
Денсаулық сақтау жүйесінің жалпы ұлттық табыстың құрамындағы 
үлесі 3-4%-дан артпайды. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік 
бюджеттен қаржыландырылады. Алайда оның көлемі өте аз. Себебі 
салық салу көздерінің саны мен олардың қаржылық жағдайы нашар. 
Бюджеттік қаржы тұтынушылардан жиналатын қосымша салыммен 
толықтырылады. Бұл елдерде жұмыссыздық деңгейі жоғары, халқы 
өте кедей, тұрғындардың қаржылық жағдайы нашар.
Ауыр халдегі тұрғындардың емделуге жəне сапалы медициналық 
көмек алуға мүмкіндігі шектеулі.
2. Табысы орта деңгейдегі елдер. Бұл мемлекеттердің денсаулық 
сақтау жүйесіне бөлетін қаржысы 1 жан басына балап есептегенде 
80-400 АҚШ долларын құрайды. Денсаулық сақтау саласының ұлттық 
табыстың құрамындағы үлес салмағы 5-6% құрайды. Табысы төмен 
елдерге қарағанда, бұл мемлекеттерде денсаулық сақтау жүйесін 
қаржыландыру көздері айтарлықтай көп. Сонымен қатар, мемлекеттік 
қызметкерлермен ресми секторларда жұмыс атқаратын азаматтар 
үшін арнайы мемлекеттік əлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары 
қарастырылған.
Жеке мемлекеттерде тұрғындарды медициналық көмекпен 
қамтамасыз ету шаралары əлеуметтік сақтандыру бағдарламаларының 
көмегімен жүзеге асырылса, екінші бір мемлекеттер жалпы ұлттық 
медициналық қызмет көрсету модельдерін қолдануды дұрыс деп 
есептейді.
Бұл мемлекеттерде жекеменшіктегі медициналық қызметтер 
кеңінен етек алуда. Сонымен қатар жеке меншіктегі медициналық 
сақтандыру жүйесінің беделі арта түсуде. Тұрғындардың ресми 
жұмыспен қамтылуы жоғарылап, капитал нарығы кеңеюде. 
Алайда бұл мемлекеттер де тұрғындарды жаппай медициналық 
көмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алмай отыр. Бұл 
жағдайдың ушығуына ауыл тұрғындарының қала тұрғындарына 
қарағанда, кедей өмір сүруі, олардың арасында жұмыссыздықтың 
жоғары болуы, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көздерінің 


199
көп болуы, олардың бір мақсатты немесе қарама-қайшы міндеттерді 
шешуге бағытталуы тұрғындардың сапалы медициналық көмекке 
сұранысын іске асыруға жол аша алмайды.
Табысы жоғары мемлекеттерде денсаулық сақтау саласын дамытуға 
бағытталатын қаржы 1 жан басына балап есептегенде 1000 АҚШ 
долларынан артады. Ішкі жалпы ұлттық табыстан денсаулық сақтау 
жүйесіне бағытталатын қаржының үлес салмағы 6-15 % дейін жетеді. 
1997 жылы Республика Президенті Н. Ə. Назарбаев мырзаның 
«Қазақстан 2030″ атты даму бағдарламасы жарық көрді. 
Бұл бағдарламада еліміздің əлеуметтік саласын, оның ішінде 
денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бағдарламада 
денсаулық сақтау саласының дамуын қамтамасыз етудің сегіз бағыты 
анықталды. Оның ішінде салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру
мəселесіне ерекше көңіл бөлінді.
1998 жылдың 18 мамырында Республика Президентінің «Қазақстан 
Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартуға 
бағытталған бірінші кезектегі шаралар туралы″ атты №3956 жарлығы 
жарық көрді. Бұл жарлықта денсаулық сақтау саласындағы еліміздің 
алдында тұрған міндеттер кеңінен талқыланды. Осы бағыттағы қайта 
құру жұмыстарының басымдықтары жəне 2008 жылғы атқарылатын 
нақты жұмыстар көрсетілген. Денсаулық сақтау саласының 20-дан 
астам бағыттары бойынша даму жобалары ұсынылып, мақсаттары 
анықталған. Қойылған міндеттердің сандық көлемі берілді.
1998 жылы Үкімет салауатты өмір сүру мəселелерінің Ұлттық 
орталығын құрды жəне осы бағыттағы мемлекеттік бағдарлама 
қабылдады. Президенттің 1999 жылғы ″Кепілдендірілген қызметтер 
тізімі туралы″ №70 жарлығында мемлекеттің қаржыландыруымен 
азаматтарға көрсетілетін тегін медициналық көмек ауқымы нақты 
көрінісін тапты.
Тұрғындар денсаулығының маңыздылығы «2002 жылды денсаулық 
жылы деп жариялау туралы″ Республика Президентінің 2001 жылғы 
30 желтоқсанда жарық көрген №751 жарлығында баса көрсетілген. 
Еліміздің тұрақты экономикалық даму жолына түсуіне байланысты, 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабында көрсетілген 
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы заңды құқықтарын 
жүзеге асыруға жағдай туды.(30 тамыз 1995 жыл)
Осы бапта мынадай деп атап көрсетілген: 
1. Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулықтарын қорғауға 
құқығы бар. 
2. Республика азаматтары белгіленген заң аясында кепілдендірілген 
көлемде тегін медициналық көмек алуға құқылы:
3. Мемлекеттік жəне жекеменшіктегі емдеу мекемелерінде, 
жекеменшік медициналық тəжірибесімен айналысатын тұлғаларда 
ақылы медициналық көмек алу жұмысы заң негізінде жəне аясында
жүзеге асырылады.


200
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі Республикалық бюджеттен
қаржыландырылады. Оның көлемі жылдан жылға өсу үстінде. Алай-
да, денсаулық сақтау саласының бюджеті артқан сайын тұрғындардың 
денсаулығы мен медициналық көмек сапасы арта түседі деп кесіп 
айтуға болмайды. Бұл бізді медицина саласын экстенсивті жолмен 
дамытуға итермелеуі мүмкін. Сондықтан денсаулық саласын жаңаша 
құруды жүйелі жолмен, отандық медицинаның одан ары дамуына сая-
си, технологиялық, интелеклектуалдық, құрылымдық тұрғыда кедергі 
келтіретін себептерден арылту арқылы жүзеге асыру қажет.
Республика Президенті Н. Ə. Назарбаев мырзаның 2004 жылғы 
13 қыркүйектегі жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 
2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын оңтайлау 
жəне дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында медициналық көмек
көрсетудің тиімді жүйесін құру міндеті қарастырылған. Бұл жүйе 
денсаулықты қорғау мемлекет пен адамның бірге жауап беру, алғашқы 
медициналық-санитарлық көмекті басым дамыту жəне тұрғындардың 
денсаулығын одан ары жақсарту шартына негізделген. Осы мемлекеттік 
бағдарламаны орындау барысында біршама жетістіктерге қол жетті.
1. Республика Президентінің 2009 жылғы 18 қыркүйегіндегі 
жарлығымен ″ Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі тура-
лы» Қазақстан Республикасының Кодексі бекітілді. Бұл Кодекс меди-
цина саласының қызметін құқықтық тұрғыда қамтамасыз етіп келген 
12 заңның орнын басты. Азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын 
барынша күшейтіп, ұлттық медицинаның басымдылығын арттырды. 
Денсаулық сақтау саласындағы Отандық заңнамалар халықаралық 
стандарттарға сəйкестендірілді;
2. Мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмек 
көлемінің минималдық (ең төменгі шектегі) стандарты бекітілді. Оның 
тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын шығаратын 
қаулысымен бекітіледі;
3. Ана мен нəрестелер өлімін төмендету, қан қызметін жетілдіру, 
жұқтырылған имммундық тапшылық (ЖИТС) синдромы эпидемиясы-
на қарсы күресті күшейту, кардиологиялық жəне кардиохирургиялық 
көмекті дамыту, тұрғындарды туберкулезден сақтау, салауатты өмір 
сүру салтын қалыптастыру бойынша салалық бағдарламалар жаса-
лып, тəжірибеге ендірілді;
4. Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметі 
оңтайландырылды. Осының арқасында медицинаға жалпы дəрігерлік 
тəжірибе шарты ендірілді. Балалар мен ересектер арасында қан ай-
налу жүйесі ауруларын ерте даму кезеңінде анықтауға арналған 
профилактикалық тексеру, əйелдер арасында репродуктивтік жүйе ау-
руларын жəне онкологиялық патологияларын ерте анықтау жұмыстары 
жүргізіліп, дəрі-дəрмектермен тегін қамтамасыз ету шаралары жүзеге 
асырылды;


201
5. Мемлекеттік медицина ұйымдары арасында желілендіру жəне 
стандартау жұмысы іске асырылды. Олардың мемлекеттік нормативтері 
бекітілді;
6. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық 
қорларын күшейту шаралары жүзеге асырылды;
7. Денсаулық сақтау саласында жүргізілетін іс-шаралар стандарт-
талды. Оның ішінде аурулар диагностикасы мен емдеу протоколдары 
тəжірибеге ендірілді.
8. Салалық медициналық жəне формацевтикалық істерді қадағалау 
комитеті жəне оның аймақтық бөлімдері мен тəуелсіз сараптаушылар 
институты құрылды;
9. Стационарлық жəне стационарлық медициналық көмекті ауы-
стыратын деңгейлердің бюджеттерін облыстық, ал 2010 жылдан бастап 
Республикалық ауқымда біріктірілді;
10. Денсаулық сақтау саласының менеджерлері даярлана бастады;
11. Дүниежүзілік банкпен бірге денсаулық сақтау саласына жаңа 
технологиялар беру жəне институционалдық оңтайлау жобаларын 
жүзеге асыру жұмысы қолға алынды;
12. Дəрі-дəрмектердің бірыңғай диструбициялау жүйесі ендірілді;
13. Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі 
шеңберінде барлық аймақтарда (облыстарда) ақпараттық-сараптау 
орталықтары құрылды, 59 медицина ұйымдарында ақпараттық техно-
логиялар ендірілді;
14. Денсаулық сақтауды бақылау саласында кауіптілікті бағалау 
жүйесі ендірілді:
15. Шекараны санитарлық қорғау жүйесі құрылды: санитарлық-
карантиндік бекеттер ашылып, ел аумағын аса қауіпті инфекция 
ошақтарынан сақтау ісі қамтамасыз етілді;
16. Осы атқарылған жұмыстардың нəтижесінде 2010 жылдың 1 
қаңтарынан бастап елімізде денсаулық сақтау ісінің Бірыңғай Ұлттық 
жүйесі ендіріле бастады.
Біздің елімізде тұрғындар жаппай сапалы жəне білікті медициналық 
көмекпен қамтамасыз етілген. Бұл мəселе əлеуметтік сақтандыру 
жəне мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жолымен шешілген. 
Тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз етуде теңсіздікті 
болдырмау үшін арнайы қорлар ұйымдастырылады. Денсаулық сақтау 
жүйесін қаржыландыратын бірыңғай ұлттық қорлар бұл саланың 
тұрақты жұмыс атқаруына жағдай жасайды. Алайда бірыңғай Ұлттық 
қорлардың нарықтық экономикаға тəн бəсекелестік ортасы жоқ. 
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін 
нарықтық экономикаға бейімдеп, қайта құру саясатын үш кезеңге 
бөліп қарастырған дұрыс. Бірінші кезең 1992-1994 жылдар арасын-
да қалыптасты. Бұл кезеңде орын алған əлеуметтік-экономикалық 
тоқырау денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктерін сақтап қалуға 


202
бағытталған шараларды жүзеге асыруды талап етті. Үкіметтің барлық 
шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оңтайлауға жəне 
алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сақтап қалуға бағытталды. 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі денсаулық сақтау 
жүйесін нарықтық экономика жағдайында дамыту жобасын қабылдады. 
Қазақстан Республикасының «Азаматтарды медициналық сақтандыру» 
туралы Заңы қабылданды. Осы заңның негізінде Қазақстан Республи-
касы Министрлер кабинетінің №1174 қаулысы қабылданып, міндетті 
медициналық сақтандыру моделін анықтау мақсатында сынақтар 
өткізетін аймақтар белгіленді. Бұл кезеңде денсаулық сақтау жүйесі 
мемлекеттен қаржыландырылды. 
1995-1998 жылдар арасында денсаулық сақтау саласындағы 
оңтайлау жұмысы одан ары жалғасты. Бұл кезеңде денсаулық сақтау 
жүйесіне нарықтық экономика механизмдері белсенді түрде енгізіліп, 
міндетті медициналық сақтандыру шарты қалыптастырылды. Фар-
мацевтика саласында жекеменшік иесі пайда болды. 1998 жылы 
экономикалық тоқырау бүкіл дүниежүзі елдерін қамтыды. Қазақстан 
Республикасының Үкіметі экономикалық тоқыраудың алдын алуға 
бағытталған жедел шараларды қолға алды. Оның бір көрінісі ретінде 
1999 жылға арналған бюджетті қарастыруға болады. Оны қатаң 
экономикалық саясатқа көшу, барлық тұрғындарға арналған əлеуметтік 
жеңілдіктерді тоқтату, өндіріс пен əлеуметтік салаларды арнайы 
бағдарлама бойынша Мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландыру 
арқылы жүзеге асырды. Медицина мекемелерінің Мемлекеттік 
қазыналық жəне мемлекеттік мекемелер түріндегі ұйымдастыру-
құқықтық жүйелері енгізілді. Мемлекеттік бюджеттен тыс құрылған 
қорлар, оның ішінде медициналық сақтандыру қоры жойылды. Бұл 
кезеңді денсаулық сақтау саласын Мемлекеттік тапсырыс бойынша 
бағдарламалы-бюджеттік қаржыландыру кезеңі деп атауға болады. 
Алайда, қазыналық мекемелер үшін қаржыландырудың 
шаруашылық шарты қалдырылды. Ол медициналық қызметтің ақысын 
төлеудің əртүрлі жолдарын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Оның 
ішінде, алғашқы звенода жан басына қаржыландыру, емханалық 
көмекті алғандар саны немесе амбулаторлық-емханалық тарификатор 
бойынша, стационарлық медициналық қызмет емделген ауру үшін не-
месе клиникалық шығындану топтары бойынша (КШТ) қаржыландыру 
жолдары бар.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін Қазыналық 
шаруашылықтармен қатар, көпканалды қаржыландыру əдісі де 
сақталды. Оның қатарында, ақылы медициналық қызметтен, өндіріс 
орындарымен жəне сақтандыру компанияларымен келісімшарт бо-
йынша қызмет көрсетуден жəне өзге көздерден түскен ақшамен 
қаржыландыру жолдары бар. 
1992-2001 жылдарындағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 


203
деңгейі тұрғындардың медициналық көмекке сұранысын толық 
қамтамасыз ете алмады. Денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджеттік 
қаржы жалпы ішкі табыстың 1,9-2,7% ғана құрады. Денсаулық сақтау 
саласына бөлінетін бюджеттік қаржы жыл сайын артып отырды. 1999 
жылы оның өсу жылдамдығы 172,2% болса, 2000 жылы 121,2%, 2001 
жылы 114,5% құрады. 
Жергілікті денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін 
теңестіру мақсатында «2002 жылғы Мемлекеттік бюджет туралы» Заң 
бойынша жергілікті бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінетін 
қаржының ең төменгі шегі белгіленді. Республика тұрғындарының 
денсаулығын жақсарту мақсатында 2011-2015 жылға арналған «Са-
ламатты Қазақстан» атты денсаулық сақтау саласын дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 
Бұл бағдарлама 2010 жылдың 29 қарашасындағы Президенттің 
№1113 жарлығымен бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 
Республикалық жəне жергілікті бюджеттерден, Мемлекеттік Заңнамаға 
қайшы келмейтін өзге көздерден 359358,9 миллион теңге жұмсалады 
деп күтілуде (26-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет