Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет100/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150
Байланысты:
munai

Қондырғы түрлері.
Мұнай қалдықтарын кокстеуді қазіргі кезде 
өндірістік көлемде үш əдіспен іске асырады: тегіс қыздырушы куб-
тарда (мезгілді процесс); қыздырылмайтын кокс камераларында (жар-
тылай мезгілді процесс); кокс жылу бергішінің қайнаушы қабатында 
(үздіксіз процесс).
Кубтарда кокстеу процестерінің ең ескі қондырғылары елдегі МӨЗ 
құрамында 1920 ж. салынған. Қондырғының негізгі жабдығы болып 
кокс кубы саналады, ол ашық отпен қыздырылатын тегіс цилиндр 
тəрізді. Қондырғы ескі, бірақ олар əлі күнге дейін пайдаланылады.
Мезгілді кокстеуде ыдырау өнімдері реакция аумағынан үз-
дік сіз шығарылады да, қалдық біртіндеп ауырланып, кокске ай-
налады. Кокс құрамында ұшқыш заттар аз болады, оны қосымша 
пі сіру қажет емес. Куб қондырғыларында крекинг қалдықтар мен 
пи ролиз шайырынан басқа əдістермен алуға болмайтын кокстың 
арнайы түрлерін алады.
Қыздырылмайтын камераларда кокстеу немесе жай кокстеу қазіргі 
кезде дүниежүзінде өте көп тараған процесс. Мұнай коксінің негізгі 
мөлшері (90%-дан астамы) жай кокстеу қондырғыларында өндіреді.
Жай кокстеу шикізаты құбырлы пеште 500°С дейін қыздырылады 
да, қуыс тік орнатылған цилиндр тəрізді аппаратқа – кокс камерасына 
(реакторға) жіберіледі. Камерада шикізат көп уақыт болады жəне онда 
жылудың аккумуляциялануының есебінен кокстенеді. Камераның 
жоғары жағынан жеңіл дистилляттар ағымы шығады. Реактор кокс-
пен 70-90% толған соң ішкі заттың ағымы басқа камераға ауыстырыла-
ды, ал үзілген камерадан кокс түсіріледі.


207
Жай кокстеу процесі коксті түсіруге байланысты мезгілді, ал ішкі 
затты беру мен дистилляттық өнімдерді шығаруға келгенде үздіксіз 
сипат көрсетеді.
Жалған қабатты кокстеуде қыздырылған шикізат жоғары тем-
ператураға дейін қыздырылған қозғалушы инертті жылу алмас-
тырғышпен жанасып, реакциялық аппаратта осы жылу алмастырғыш 
бетінде кокстенеді. Реакциялық аппараттан регенераторға бетінде 
кокс отырған жылу бергіштің бір бөлігі біртіндеп шығарылады. 
Регенераторда қажетті температураға дейін қыздырылады. Қызған 
жылу бергіш реакция аумағына қайта беріледі.
Кокстеуге қажетті жылудың негізгі мөлшерін шикізаттың қызған 
жылу бергішпен жанасуының нəтижесінде алатындықтан, шикізатты 
реакторға беру алдында жай кокстеу температурасына қарағанда, 
төмендеу температураға дейін қыздыруға болады. Бұл өте жоғары 
тұтқырлы, шайырлы өнімдерді құбырлы пештерде қыздырғанда имек 
құбырдың тез кокстеуіне алып келетін өңдеуді жетілдіреді.
Жұмыс істейтін үздіксіз кокстеу қондырғыларында жылу бергіш 
есебінде бөлшек мөлшері 0,3 мм дейін ұнтақ кокс пайдаланылады, 
ал кокстеу процесі жылу бергіштің қайнаушы қабатында жүргізіледі. 
Коксті жылу бергішті қозғалтуда пневмо-транспорт принципін 
пайдаланады. Негізгі қозғаушы күш болып кокс бөлшектерін өзімен 
ілестіріп алып кететін бу немесе газ саналады. Пневмотранспорттың 
əртүрлі жүйелері болады: сұйытылған қабатта жəне тығыз қабатта. 
Қайнаушы қабатта үздіксіз кокстеуде бірден үш процесс жүреді: 
ыдырау мен тығыздану өнімдерінің түзілуімен жүретін кокстеудің өзі 
– кокс пен ұшқыш заттардың бөлінуі жүретін коксті пісіру процесі 
жəне бу фазасында болатын кокстеу өнімдерінің екінші ыдырау мен 
тығыздану реакциялары. 
Кокс жылу бергіштің жоғары температурасы ыдырау өнімдерінің 
булануына жəне олардың кокс бөлшектерінің бетінен бөлінуіне көмек-
теседі. Өнімдердің қайта түзілу мүмкіндігі азаяды. Сондықтан үздіксіз 
кокстеуде, жай кокстеуге қарағанда, кокс шығымы аз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет