Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет108/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
1) ұлғайтылған жылу мөлшерін жылдам енгізу;
2) көмірсутектердің парциалды қысымын төмендету;
3) əрекеттесу уақытын қысқарту; 
4) олефиннің қажетсіз полимерленуін болдырмау үшін реактордан 
шығатын пиролиз газдарын неғұрлым аз уақытта салқындату.
Іс жүзінде осы шарттарды жүзеге асыру үшін пиролиз процесін 
құбырлы пештерде жүргізеді. Құбырға бастапқы шикізат пен бу, ал 
құбыраралық қуысқа – жылу тасымалдағыш салынады. Құбырдың 
ішкі қабырғаларына түскен коксты мезгіл-мезгіл күйдіріп тұрады. 
Пиролиздік пештер шикізаттың реакциялық аймағында 0,01-0,1с 
ғана болуына икемделген қарқынды жоғары температуралы қыздыру 
үшін арнайы құрастырған.
Пиролиз пешінің нұсқауы:
1. Корпус жанғыштар.
2. Панельді камералар.
3. Радиантты камералар.
4. Тік құбырлар.
5. Конвиктивті камера.
Қазіргі кезде пиролиз процесі келесідей бөлімдерден тұрады: 
көмірсутегі шикізатының пиролизі; пиролиз газын сығу жəне 
тазарту; газ бөлу; пиролиз шайырын өңдеу. Көп жағдайда, пиролиз 
құрылғысының жобасы қолданылатын шикізаттың сипатына бай-
ланысты анықталады. Бірақ қандай құрылғы болмасын оның ең негізгі 
екі бөлімі кездеседі: бастапқы шикізаттың пиролизі мен рецикл өтетін, 
ыстық деп аталатын бөлімі жəне алынатын өнімді бөлу мен тазарту 
қызметін атқаратын, суық деп аталатын бөлім. Бастапқы шикізатты 
пештің конвиктивтік аймағына (бөлігіне) салып, оны су буымен 


225
араластырып, кететін газ есебінен тиісті температураға қыздырады. 
Содан соң, көмірсутегі мен будың қосындысы пештің радиантты 
аймағына түседі. Мұнда пиролиз əрекеттесуінің өтуі қыздырылған 
панельдердің, сəулелердің жылуы арқылы жалғасады. Өнімдер 
пештен шығарда 800-850°С температурасына дейін қыздырылады. 
Оле 
финдердің полимерленуін болдырмау үшін, əдетте, оларды 
жылдам суыту
немесе 
ысылту
арқылы екі кезеңнен өткізеді.
Бірінші кезеңде (түзу емес ысылту) – су қоспасымен жəне 
екіншісінде (түзу ысылту) конденсация кезінде түзілген пиролиз 
майымен 350-400°С температурадағы суытылған өнімнің ағымы 
ауыр қоспаларды ала келетін алғашқы фракциялану тізбегіне түседі. 
Мұнда ортаңғы қатардағы бөліктерден пиролиз жанармайы мен су 
алынады. 
Пиролиздің қоспаланбаған газдары тізбектің жоғары қатарына 
шығады. Сығымдаудан соң, сілті ерітіндісімен шайылып жəне кеп-
тіріліп, оларды құрылғының суық бөлігіне жібереді. Оның техникалық 
безендірілуінің бірнеше нұсқасы бар: аз немесе көп қоспалы сутегі, 
99,9% тазалықтағы этилен, 95-99,5% тазалықтағы пропилен, 25%-
дан 50%-ға дейін бутадиені бар С
4
қосындысы, С
5
қосындысы жəне 
ароматты көмірсутектерге бай пиролиз жанармайын алу. 
Этилен бойынша шығымды жоғары деңгейге жеткізу үшін (нафта 
кезінде 30%-дан жоғары) 850°С температура, əрекеттесу уақыты 0,2-
0,3с жəне Н
2
О шикізат массалық қатынасы 0,5:0,6 болуы қажет. Соңғы 
онжылдықта процесті жүргізу жүйе дамытылуының қатаңдығын 
ұлғайтуға бағытталуда, мүмкіндігінше, температураны арттырып, 
əрекеттесу уақытын кеміту жолдары қарастырылуда. Шикізат 1,0-1,2 
МПа қысымда булы қыздырғышқа жіберіледі, онда 100°С-қа дейін 
қыздырылады. Содан соң, ыстық бумен араластырылып, пиролиз 
пешінің конверсиялық бөліміне түседі Мұнда жанармай буланып, 
ол 500-600°С-қа дейін қыздырылады да, көмірсутегі ыдырауы 
өтетін радиант бөліміне түседі. Пештен 750°С өтетін температурада 
жəне 0,2-0,3 МПа қысымда шыққан пиролиз газы ысылту бөліміне 
жіберіледі. Бұл жерде камераға берілген бу конденсатының есебінен 
700°С температураға дейін жылдам суытылады. Жылдам суыту 
арқылы олефиндердің екінші рет полимерлеу жəне конденсациялау 
реакцияларын болдырмайды. 


226
Одан кейін жылы су буын өндіруге қолданылатын, ысылту – бу-
ландыру құрылғысында пиролиз газы 400°С температураға дейін 
суытылады. Содан соң газдар 70°С температурадағы сіңдіргіш май 
бүркитін құрылғыдан өтеді. 
Пиролиз газдары 180°С дейін суытылады жəне келесі өңдеулерге 
жіберіледі. Құрылғы жиынтығында бірнеше жылу алмастырғыштары 
бар пештер орналастырылған пиролиз пештері, ысылту бөлімінің, 
пиролиз, ысылту-бу құрылғысының жəне май бүрку аппаратының 
пештері болады. 
Суытылған пиролиз газдары барлық пештерден жалпы коллекторға 
жиналады жəне ол алғашқы ректификация тізбегінде шайылуға жі-
беріледі. Газдың төменгі бөлігі күйе мен кокстан ауыр сіңдіргіш 
май мен жуу арқылы тазартылады, ал жоғары бөлігі жеңіл сіңдіргіш 
майды буландырып жіберу есебінен салқындатылады. Бұл кезде ауыр 
шайыр конденсациясы да өтеді. Пиролиз газы тізбектен су қоспалары 
– тоңазытқышқа түседі, мұнда жеңіл майлар мен су буларының 
конденсациясы жүреді. Сепараторда жеңіл май қосындылары мен су 
кейін сығу аймағына, газ бөлу жəне газ тазарту бөлігіне түсетін пи-
ролиз газынан бөлінеді.
Ауыр сіңдіргіш май, күйе мен кокстан тазартуға арналған 
фильтрлерге төменнен сорғышпен сорып алынады. Тазартылған 
май екі ағымға бөлініп, оның бірі – төменгі бөлікті шаюға жіберіліп, 
екіншісі – 700°С дейін суытылып аппаратқа жіберіледі. Құрамында 
пиролиздің ауыр шайыры бар сіңдіргіш майдың бір бөлігі қоймаға 
немесе шайыр өңдеу бөліміне шығарылады, ал жеңіл құрамды май 
2-сепараторға ағып құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет