Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Мұнай жəне мұнай фракцияларын пиролиз əдісімен



Pdf көрінісі
бет109/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150
Байланысты:
munai

9.16. Мұнай жəне мұнай фракцияларын пиролиз əдісімен 
өңдеудің өнеркəсіптік процестері
Термиялық процесті өткізу жағдайына байланысты шикізат əртүр-
лі агрегаттық күйде болуы мүмкін: пиролиз – газфазалы реакция 
кезінде жүрсе, кокстеу жəне тотыққан битумдар өндірісі – сұйық 
фазада жүреді, ауыр шикізатты термиялық крекингілеу кезінде газ 
жəне сұйық фазалар да болуы мүмкін.
Мұнай көмірсутек шикізаты пиролизінің негізгі міндеті – төменгі 
алкендерді, бірінші ретте этилен мен пропиленді алу.


227
Пиролиздің нəтижесіне əсер ететін, белгілі бір аралықтарда өз-
гертуге болатын факторлар: температура, қысым, реакция уақыты, 
шикізаттың түрі мен сапасы болып табылады.
Пиролиз температурасы.
Процестің температурасы белгілі бір 
тереңдікке жетуге қажет уақытқа ғана əсер етіп қоймайды жəне ол 
өнімдердің құрамын да күшті өзгертеді. Біріншіден, біріншілікті 
реакцияның механизмі айтарлықтай өзгеруі мүмкін, екіншіден – 
екіншілікті реакциялардың бағыттары мен үлестері өзгеруі мүмкін.
Пиролиздің активтену энергиясы 270 кДж/моль
-1
болса, онда 
температураны 600-ден 700°С-ге дейін арттыру, айналудың берілген 
дəрежесіне жеткізетін уақыты 46 есе, 700-ден 800°С-ге дейін арттыру
22 есе, 800-ден 900°С-ге арттыру – 13 есе кемітеді.
Процестер барысында түзілетін радикалдар жоғары белсенділік 
энергиясымен жүретін ыдырау реакциясына да (ол ∙СН
3
,∙С
6
Н
5
ради-
калдарына қатысты емес), төменгі активтену энергиясымен жүретін 
қосылу, орынбасу реакцияларына да түсетін қабілеттіліктері бол-
ғандықтан, температураны арттыру белсенділік энергиялары жоғары 
мəнді реакцияларды жылдамдатып, олардың рөлін арттырады. 
Температура үлкен дəрежеде, əсіресе, үшіншілікті С
4
Н
9
, изо-С
3
Н
7
∙ 
жəне ∙С
2
Н
5
радикалдарына айтарлықтай əсер етеді. Температура артқан 
сайын 2-метилпропилен, пропен мен этиленнің шығымдары артады 
да, сəйкес изобутан, пропан жəне этанның шығымдары кемиді.
Температураны арттыру орынбасу реакцияларында радикалдар-
дың талғамдылығын кемітіп, біріншілікті радикалдардың түзілуін 
арттырады жəне біріншілікті радикалдардың екіншілікті радикал-
дар 
ға изомерлену рөлін азайтады, өйткені температура артқанда 
ыдырау изомерленуге қарағанда, көбірек активтену энергиясымен 
(жəне көбірек экспонент алдындағы коэффициент) жүретіндіктен, 
көп дə режеде жылдамдайды. Ол сонымен қатар, этиленнің шығымын 
арттыруға əкеледі. Пиролиз температурасының жоғары шегі этилен-
нің ацетиленге айналуымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет