Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет105/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
Пиролиз шикізаты.
Пиролиз процесінде олефиндерді алу үшін 
қажетті ең жақсы шикізаттың түрі – парафинді көмірсутектер. Қалып-
ты парафиндердің ыдырауы кезінде келесідей негізгі заңдылықтар 
байқалады – этан түгелдей этиленге айналады, пропан мен бу-
таннан үлкен шығыммен этилен жəне пропилен түзіледі, көміртек 
атомдарының саны 4-тен көп болатын парафинді көмірсутектерден 
45-50 – (масс.) этилен, пропилен жəне С
4
жəне жоғары көмірсутектер 
алынады. 
Қалыпты алкандар пиролизі кезінде этиленнің ең көп шығымын 
береді. Этиленнің максималдық шығымын этанның пиролизі береді. 
Этан>пропан>бутан қатары бойынша этиленнің шығымы азаяды. 
Алкан молекуласындағы көміртек атомдарының санын əрі қарай 
арттырғанда, пиролиздің негізгі өнімдерінің шығымы аз өзгереді.
Изоқұрылысты алкандар пиролиз кезінде тармақталмағандарға 
қарағанда этиленнің шығымын аз береді. Көмірсутектің тармақталуы 
неғұрлым көп болса, соғұрлым этиленнің шығымының азаюы 
да көп болады. Оны əртүрлі изомерлердің біріншілік ыдырау 
өнімдерін қарастырып түсіндіруге болады. Мысалы, С
6
алкандардың 
ыдырауының біріншілік өнімдерінің құрамы:
C
6
H
12
CH
3
– CH∙ – CH
2
– CH
2
– CH

– CH

C
3
H

+ C
2
H

+ CH
4
C
6
H
12
CH

– CH
2
– CH∙ – CH
2
– CH

– CH

C
4
H

+ C
2
H
4


219
CH

– CH
2
– CH
2
– CH
2
– CH
2
– CH

CH
2
∙ – CH
2
– CH
2
– CH
2
– CH

– CH

3C
2
H
4
CH

– CH

– CH

– CHCH

– CH

CH

– ∙ CCH
3
– CH
2
– CH
2
– CH

изо – C
4
H

+ C
2
H
4
Ыдыраудың мүмкін бағыттарының жылдамдықтарының кез 
кел 
ген арақатынасында гексанның гидролизі 1 моль этиленнен 
(1 моль ыдыраған гексанға есептегенде) кем беруі мүмкін емес, 
изо 
гек 
сандардың пиролизі кезінде этиленнің шығымы аз болады. 
Бұл кезде қалыпты алкандардың пиролизінен айырмашылығы 
сол, тек 1-алкендер ғана емес, қос байланыстары басқа орындарда 
болатын алкендер түзіледі. Бірақ екіншілікті реакциялар өнімдер 
құрамындағы бұл айырмашылықты айтарлықтай дəрежеде көбейтсе, 
изоалкандардың пиролизі кезіндегіге қарағанда көп, ал этилендікі аз 
болады.
Циклогексан жəне оның туындыларының пиролизі кезінде 
диендердің шығымы айтарлықтай жəне пиролиз газының құрамында 
этиленнің мөлшері алкандардың пиролизіне қарағанда аз, ал 
бутадиендікі көп болады. Диендердің массалық шығымы кемиді 
жəне циклогексанның туындыларының молекулалық массасы артқан 
сайын циклоалкандар мен алкандар пиролизінің нəтижелеріндегі 
айырмашылық азаяды. Циклопентандар пиролизденгенде циклогек-
сандарға қарағанда, диендердің шығымын айтарлықтай аз береді. 
Бұл жағдайда диендер негізінен 1-алкендердің ыдырау өнімдері 
ретінде түзіледі. Бициклді циклоалкандар пиролизденгенде диендер-
дің шығымын айтарлықтай көп береді; сонымен қатар триендер 
түзіледі, олардың екіншілікті реакциялары ауыр ароматтандырылған 
өнімдер түзілуіне əкеп соғады.
Орынбаспаған аминдер пиролизденгенде өзгеріссіз қалады: 
метилорынбасқандардан тек бір ғана газ тəрізді өнім – метан түзілуі 
мүмкін; алкил орынбасарында екі жəне одан да көп көміртек атом-
да ры болатын арендер айтарлықтай дəрежеде стиролға жəне ыдырау-
дан түзілетін R радикалының құрылысымен анықталатын газтектес 
өнімдерге ыдырайды:
C
6
H
5
- CH∙CH
2
R
C
6
H
5
-CH = CH
2
+ R∙


220
Метилорынбасқан арендер активтігі аз бензил радикалдарын түзу 
салдарынан тізбекті процесті тежейді, ал сақинамен ілескен əлсіз С-
С байланысы бар арендердің айтарлықтай концентрациясы болғанда, 
тізбектерді инициирлеуі мүмкін.
Ароматты көмірсутектерден өте қатаң температуралар кезінде ай-
тарлықтай дəрежеде кокс жəне шайыр түзіледі.
Пиролиз процесіне табиғи жəне ілеспе газдар, сонымен қатар 
мұнайдың өңдеу өнімдері де түсе алады. Табиғи газдар құрамында 
93-98% метан, 2% дейін этан жəне 1% дейін пропан болады. Пиролиз 
процесі үшін тек этан мен пропан қолданылатын болғандықтан, таби-
ғи газдар пиролиздің құндылығы төмен шикізаты болып табылады. 
Ілеспе газдар жəне мұнайдың тұрақтанған өнімдерінде 60-70% этан, 
пропан жəне аса жоғары қайнайтын парафинді көмірсутектер бола-
ды, сондықтан да олар құнды пиролиздік шикізат болып табылады. 
Кей де пиролизге бүкіл ілеспе газды түсірмей, тек одан бөлінген этан, 
про пан жəне бутанды түсіреді.
Пиролизге пайдаланатын мұнай өңдеу өнімдеріне тіке айдау бензи-
ні мен ароматты көмірсутектердің экстракциялау қондырғылары нан 
алынатын бензин – рафинат жатады. Бензиндік фракцияларды пиро-
лиздеу кезінде қосымша құндылығы жоғары өнімдер – бута 
диен, 
бутилендер, ароматты көмірсутектер, күйе мен нафталин өнді 
руге 
қажетті шикізат алынады. 
Тіке айдалған бензиндердің рафинаттармен салыстырғанда ар-
тық 
шылықтары бар, себебі құрамы негізінен қалыпты парафинді 
көмірсутектерден тұрады, ал рафинаттарда 50% дейін изопарафиндер 
болады.
Құбырлы пештерде пиролиз шикізаты ретінде керосин-газойльдік 
фракциялардың пайдалануы мүмкін. Бірақ бұл шикізат алдын ала 
дайындауды, күкіртті қосылыстардан тазартуды деароматтауды 
қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет