Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет106/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
Пиролиз процесінің параметрлері.
Процестің технологиялық 
параметрлері өңделетін шикізатқа жəне пиролиз кезінде қандай 
көмірсутектердің алыну қажеттілігіне байланысты болады. 
Олефиндердің жоғары шығымы қамтамасыз етілетін режим қалыпты 
деп есептелінеді.
Процестің маңызды параметрлеріне: 
пиролиз температурасы, 
жанасу уақыты, шикізат буларының парциалдық қысымы жатады.


221
Мысалы, пропан пиролизі кезінде температура өскен сайын, этилен 
мен пропилен шығымы артады. Пропилен шығымы өте төменгі 
тем пературалар кезінде максимумға жететіндіктен, осы параметрді 
өзгерту арқылы этилен мен пропилен арақатынасы мен шығымын 
реттеуге болады.
Этилен мен пропилен арақатынасын жанасу уақытын өзгерту ар-
қылы да реттеуге болады. Этиленнің шығымы шикізаттың парциал-
дық қысымы төмендеген кезде де артады. Пиролиз процесі атмосфера-
лық қысымға жақын қысым кезінде жүргізіледі, ал шикізатты су 
буымен сұйылту арқылы парциалдық қысымды реттейді. 
Шикізатты су буымен сұйылту арқылы олефиндер молеку лала-
рының өзара соқтығысуы ықтималдығын азайтады, нəтижесінде 
по лимерлену жəне тығыздалу реакцияларының рөлі төмендейді. Газ 
тəрізді шикізатты жəне сұйылтылған газдарды пиролиздеу кезінде 
шикізатқа 10-20% су буын, бензиндерді жəне аса ауыр көмірсутектерді 
пиролиздеу кезінде – шикізатқа есептегенде 25%-дан 300%-ға дейін 
су буын қосады.
9.15. Пиролиз өнімдерінің құрамы мен қасиеттері
Пиролиз кезінде пиролиз газы жəне пиролиздің сұйық өнімдері 
– пиролиз шайыры түзіледі.
Пиролиз газында түрлі құрамдастардың көп мөлшері болады. 
Оның құрамы пиролиз температурасына, реакциялық аймақта болу 
уақытына (жанасу уақытына) жəне бастапқы шикізат сапасына 
байланысты болады. Жанасу уақыты ұзақ болғанда (2-3 сағ. ұзақ), 
шикізат сипаты пиролиз газының құрамына айтарлықтай əсер етпейді. 
Процесс режимі қандай өнімнің пиролиздің мақсатты өнімі екендігіне 
байланысты таңдалады. Газ тəрізді көмірсутектерді пиролиздеу 
кезіндегі процесс температурасын, бензиндік шикізатты пиролиздеу 
кезіндегіден аса жоғары ұстап тұру қажет.
Пиролиз газы пиролиз қондырғыларының газдарды бөлу 
блоктарында сутекке, метанға, этанға, этиленге, пропиленге, про-
панға, бутилен-бутадиендік фракцияларға бөлінеді. Бутилен-бута-
диендік фракциядан синтетикалық каучук өндірісінің шикізаты 
– бутадиен-1,3 бөлінеді. Пиролиз шайыры деп процесте алынатын 


222
С
5
жəне одан жоғары сұйық көмірсутектерді айтады. Пиролиздік 
шайырдың мөлшері негізінен пиролиз шикізатына байланысты, ол 
төменгі кестеде көрсетілген.
21-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет